Онлайн-семинар

Онлайн-семинар

2021 жылғы 11 наурызда ветеринариялық станциялардың директорлары мен мемлекеттiк қызметтер көрсететiн мамандар үшiн онлайн-семинар өткiзiлдi. Семинар жұмысына Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер басқармасының, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер бөлiмiнiң мамандары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ББАЖ (басқарудың бiрыңғай автоматтандырылған жүйесi) ведомстволық ақпараттық жүйесiне қызмет көрсететiн «Softcom Trade» ЖШС IT компаниясының өкiлдерi қатысты.

Семинарға қатысушылар ветеринариялық анықтама беру қағидаларындағы соңғы өзгерiстер туралы хабардар етiлдi. Сонымен қатар кездесу барысында ББАЖ ақпараттық жүйесiнiң жұмысы бойынша бiрқатар күрделi мәселелер талқыланды.

Қазiргi уақытта «Softcom Trade» ЖШС ББАЖ АЖ-сiн жетiлдiру жұмысын жүргiзiп жатыр, ақпараттық жүйе архитектурасы ауысуда. Алдағы уақытта Smart Bridgе жаңа платформасына көшу жоспарланып отыр, бұл ББАЖ ведомстволық ақпараттық жүйесiн мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграциялауға жағдай жасайды.

Осылайша, бiздiң азаматтар ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi «электрондық үкiмет» порталы арқылы электрондық түрде ала алатын болады.