Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы кеңес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы кеңес

2021 жылғы 11 наурызда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасының басшысы Б.А. Әлжановтың төрағалығымен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуымен Солтүстiк Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметiмен бiрлесiп қол қойылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау аясында қолданылып жатқан шаралар туралы кеңес өттi.

Кеңес жұмысына СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментiнiң превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Дамир Равилевич Хабибулин қатысты.

Бұл Жоспар басқарма мен ветеринариялық станциялардың ресми интернет-ресурсында, әлеуметтiк парақшаларында орналастырылған.

Осы жоспарды орындау шеңберiнде квазимемлекеттiк сектордың субъектiлерi ретiнде басқармада да, ведомстволық бағынысты ұйымдарда да жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.

Бүгiнгi күнi жоспардың кейбiр тармақтары орындалды. Демек, ветеринариялық станциялар тиiстi ақпаратты көрсете отырып, ашық бюджеттердiң интерактивтi картасында тiркелдi. Азаматтарды қабылдау, соның iшiнде онлайн форматта да қабылдау жүргiзiлiп жатыр. Басқарма мамандары жұмысты жетiлдiру және шағым туындататын себептердi жою мақсатында қоғамдық пiкiрдi зерделеу үстiнде. Қазiргi уақытта салық органдарына жаңа есептiлiк нысаны бойынша декларация тапсыру мәселесi бақылауға алынды.

Басқарманың фойесiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта көрнекi өнiмдер (флаерлер, бейнероликтер мен аудиороликтер) орналастырылған.

Басқарманың бөлiм басшылары барлық комиссияларға, соның iшiнде мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комиссияларға олардың құрамына жұртшылық өкiлдерiн қосу тұрғысында мониторинг жүргiзiп жатыр.

Қаржыландыру және бухгалтерлiк есеп бөлiмi бәсекелестiк емес тәсiлмен мемлекеттiк сатып алу деңгейiн төмендету бойынша жұмыс жүргiзiп жатыр.

2021 жылдың төртiншi тоқсанында СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметiнiң келiсiмi бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне сыртқы талдау жүргiзу жоспарланып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша жұмыс жалғасатын болады.