
2021 жылғы 10 наурызда Facebook әлеуметтiк желiсiндегi «Antikor Live» алаңында тiкелей эфирде «Қызылжар Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесiнiң менеджерi Ерлан Әбiлкәрiмов пен «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ басшысы Б.А. Әлжанов «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс туралы» диалог өткiздi.
Бұл кездесу Солтүстiк Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметiмен бiрлесiп бекiтiлген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2021 жылға арналған жұмыс жоспарының 17-тармағын орындау аясында өткiзiлдi.
Тiкелей эфир барысында ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша қолданылып жатқан шаралар, мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету мәселелерi, осы бағыттағы жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар және басқа да көптеген мәселелер талқыланды.