
Облыста жануарларды мiндеттi көктемгi ветеринариялық дауалау науқаны басталды. Жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы бекiтiлген эпизоотияға қарсы iс-шаралар жоспарына сәйкес жануарларға сiбiр жарасына, құтыруға, нодулярлы дерматитке және басқа да ауруларға қарсы екпе егiлiп, бруцеллез, туберкулезге диагностикалық зерттеулер жүргiзiлiп жатыр.
Эпизоотиялық саулық, халықтың денсаулығы, жануарлардан алынатын өнiмнiң сапасы мен қауiпсiздiгi ветеринариялық ем-домның уақтылы жүргiзiлуiне байланысты.
Осыған байланысты, мал иелерiн жануарларына ветеринариялық ем-дом жасатуға, олардың бiрдейлендiрiлуiн қамтамасыз етуге шақырамыз.
Ветеринариялық заңнама талаптарын сақтауды сұраймыз.