Тағайындау

Тағайындау

Мемлекеттiк кәсiпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргiзу қағидаларына сәйкес 2021 жылғы 6 ақпанда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК директоры бос лауазымына конкурс жарияланған болатын.

Ветеринария басқармасының конкурстық комиссиясы 2021 жылғы 25 ақпанда осы лауазымға конкурс (әңгiмелесу) өткiздi.

Ветеринария басқармасы конкурстық комиссиясының 2021 жылғы 26 ақпандағы оң шешiмiмен, сондай-ақ 2021 жылғы 01 наурыздағы № 10 ж/қ бұйрықпен Бәгенов Ербол Қабдырахманұлы «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК директоры болып тағайындалды.

Бәгенов Ербол Қабдырахманұлы 1963 жылы 13 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Белтерек ауылында туған. 1986 жылы Семей зоотехникалық-ветеринариялық институтын «Ветеринария» мамандығы бойынша бiтiрген, М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мамандығы бойынша еңбек жолын 1987 жылы Көкшетау облысы Чистополье аудандық ветеринариялық станциясының мал дәрiгерi болып бастаған, осы ауданда 1999 жылға дейiн түрлi лауазымдарды атқарды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аудандық аумақтық инспекциясында жұмыс iстедi. 2001-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ғ. Мүсiрепов ауданының аудандық аумақтық басқармасы басшысының орынбасары, 2004-2006 жылдар аралығында Ғ. Мүсiрепов ауданы әкiмi аппаратының басшысы, 2006-2009 жылдар аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты жалпы бөлiмiнiң меңгерушiсi, ұйымдастыру бөлiмiнiң меңгерушiсi қызметтерiн атқарды.

Содан соң 2009-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi Мемлекеттiк инспекция комитетiнiң облыстық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары, 2012-2013 жылдар аралығында СҚО Жамбыл ауданы әкiмiнiң орынбасары, 2013-2016 жылдар аралығында «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС директорының орынбасары, 2016-2020 жылдар аралығында Бескөл ауылдық округiнiң әкiмi болып еңбек еттi.

Үйленген, екi баласы бар.