Азаматтық қорғау саласындағы оқу 2021 ж. 10.02

Азаматтық қорғау саласындағы оқу 2021 ж. 10.02

2021 жылғы 10 ақпанда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ мамандары және аудандар мен Петропавл қаласы ветеринариялық станцияларының директорлары азаматтық қорғау саласында оқытылды. Ұйымдастырушы — Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментi. Оқу онлайн форматта өттi.

Оқу барысында азаматтық қорғаудың негiзгi түсiнiктерi мен тәсiлдерi, мемлекеттiк органдардың азаматтық қорғау саласындағы мәселелерi, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың жiктемесi талқыланды.

Азаматтық қорғау саласында оқытылғаннан кейiн, барлық қатысушыларға сертификаттар берiлетiн болады.