
2021 жылғы 27 қаңтарда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасында ветеринария басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Олжас Әлжанұлы Болыспаевтың төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жаңалықтары» тақырыбында онлайн-семинар өткiзiлдi.
Осы семинарға «Қызылжар Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесiнiң басшысы, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң кеңесшiсi Сәбитов Сәлiмхан Жанатұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң инспекторы Зайцева Светлана Николаевна, облыстық ветеринария басқармасының бөлiм басшылары мен мамандары, ветеринариялық станция директорлары қатысты.
Олжас Әлжанұлы iс-шараның басында облыстың ветеринария қызметiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға қатысты атқарған жұмысы туралы баяндады.
Iс-шара барысында «Қызылжар Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесiнiң басшысы, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң кеңесшiсi Сәлiмхан Жанатұлы Сәбитовтiң «Қызылжар Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесiнiң қызметi туралы ақпараты мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң инспекторы Светлана Николаевна Зайцеваның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары, мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi заңнамалық актiлердегi өзгерiстер мен толықтырулардың негiзгi бағыттары туралы ақпараты тыңдалды.
Ветеринария басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Олжас Әлжанұлы кеңестi қорытындылай отыра, ветеринария басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша қолданып жатқан iс-шаралар оң нәтиже беретiндiгiн атап өттi. Бiрлескен күш-жiгер ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға және оның алдын алуға көмектеседi.