
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер қоғамдық тұрмыстың ажырамас бөлiгi болып табылады. Мемлекеттiң осы бағыттағы саясаты жетiлдiрiлiп жатыр. Осының барлығы көрсетiлетiн қызметтi алушыларға қолайлы болуы, мемлекеттiк органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшiн жасалады.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету бюрократизм мен қағазбастылық көрiнiстерiне жол бермеу, сапа мен қолжетiмдiлiк қағидаттарына негiзделедi. Демек, көрсетiлетiн қызметтi берушiлер мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету және қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет — көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiш жасауы бойынша және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.
Елiмiздiң Президентi өз жолдауында мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасының елдiң теңдестiрiлген аумақтық дамуына ықпалын атап өткен болатын. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру тұрақты түрде жүргiзiледi.
Ветеринариялық станциялар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң екi түрiн көрсетедi, олар: «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ветеринариялық паспорт беру».
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 412 бұйрығымен Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру қағидаларына өзгерiстер енгiзiлдi. Осы жаңа енгiзiлiмдердi зерделеп, осы бағытта жұмысқа кiрiсу қажет.
Мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету, сондай-ақ заңнамадағы соңғы өзгерiстердi зерделеу мақсатында 2021 жылғы 15 қаңтарда басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мемлекеттiк қызметшiлерi арасында семинар өткiзiлдi.
Семинар жұмысына Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер басқармасының, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты ақпараттық технологиялар және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер бөлiмiнiң, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Солтүстiк Қазақстан ОАТО ақпараттық жүйелерге iлеспе қызмет көрсету басқармасының, «Ұлттық аграрлық ғылыми-бiлiм беру орталығы» КеАҚ өкiлдерi, облыстық ветеринария басқармасының бөлiм басшылары мен мамандары, ветеринариялық станциялардың директорлары және мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге жауапты мамандар қатысты.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша бiрқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берiлдi.