Семинар

Семинар

2020 жылғы 12-30 қазан аралығында құрамына басқарма бөлiмдерi мен Қазақстан Азаматтық Альянсы басшылары кiрген жұмыс тобы «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ-нiң 2019 жылғы 4-тоқсандағы және 2020 жылғы 9 айдағы қызметiндегi, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың 2020 жылғы сәуiр-қыркүйек аралығындағы қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiздi.

Талдау нәтижесi бойынша бiрқатар ұсыныстар берiлiп, оларды орындау бойынша Iс-шаралар жоспары бекiтiлдi.

Көрсетiлген Жоспардың негiзiнде 2020 жылғы 24 қарашада аудандық ветеринариялық станциялардың мамандарымен мемлекеттiк қызметтердi сапалы көрсету жөнiнде семинар-кеңес өткiзiлдi. Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру қағидаларымен, Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкiлерiне қойылатын талаптармен, Басқарудың бiрыңғай автоматтандырылған жүйесiнде ветеринариялық анықтама беру жөнiндегi нұсқаулықпен жұмыс iстеу кезiндегi күрделi мәселелер талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша басшының мiндетiн атқарушы О. Болыспаев бiрқатар тапсырмалар бердi.