Құс тұмауы бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпарат

Құс тұмауы бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпарат

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi құс тұмауы бойынша эпизоотиялық ахуалға қатысты бүгiнгi күнi облыс аумағында Петропавл қ. және 13 ауданның 54 елдi мекенiнде 199 436 бас әртүрлi үй құстарының қырылғаны тiркелгенiн хабарлайды, соның iшiнде халықтың жеке аулаларында — 15 817 бас, «Бескөл құс фабрикасы» ЖШС-да — 183 619 бас.

«Ветеринария бойынша ұлттық референттiк орталық» РМК-ның өлген құстардан алынған патологиялық материалдарды зертханалық зерттеу нәтижелерi бойынша облыс әкiмдiгiнiң қаулысымен 11 ауданның 29 елдi мекенiнде карантин белгiлендi.

Құс тұмауын жою және оның одан әрi таралуына жол бермеу бойынша кешендi iс-шаралар жоспары бекiтiлдi.

Ауруды жою кезiнде iс-шараларды үйлестiру жөнiндегi жедел штаб құрылды.

Инфекция ошақтары Республикалық эпизоотияға қарсы отряд пен облыстың ветеринариялық қызметiнiң бiрлескен күшiмен жойылып жатыр.

Барлық мүдделi қызметтер мен ведомстволардың өзара әрекетi ұйымдастырылды.

Карантин пункттерiнде дезинфекциялау тосқауылдары орнатылды, елдi мекендердегi iндет ошақтары периметрi бойынша жыртылды. Тiрi құс пен құс шаруашылығы өнiмдерiн карантин аймағынан алып өтуге тыйым салынды.

Иелерiне өтемақы төлеу үшiн алып қойылатын және жойылатын құстардың орташа айлық нарықтық құнын айқындау жөнiндегi комиссия құрылды. Өтемақы республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн болады.

Карантин белгiленген елдi мекендер мен «Бескөл құс фабрикасы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнде құстар алынып, жойылып жатыр. Барлығы 94 795 бас құс алынып, жойылды, соның iшiнде 18 елдi мекенде — 5 274 бас, құс фабрикасында — 89 521 бас.

«Қазпочта» АҚ-мен бiрлесiп, алынып қойылып, жойылған өлген құстардың төлемiн аудару үшiн құс иелерiне ағымдағы шоттар ашу бойынша жұмыс жүргiзiлiп жатыр.

Республикалық қордан 873 000 доза вакцина бөлiндi. Вакцина ауру ошақтары бар аудандарға ошақтан 20 км радиустағы үй құстарына егу үшiн бөлiп берiлдi. 102 ауылдық округтегi 199 елдi мекенде 270 612 бас құсқа вакцина егiлдi. 209 ветеринар маман жұмылдырылды.

Инфекция ошақтарын жою бойынша iс-шаралар кешендi жоспарға сәйкес жалғасуда.