
Халықаралық қарттар күнi 1991 жылдан бастап 1 қазан күнi атап өтiледi. БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-сессиясында Халықаралық қарттар күнi деген атаумен жарияланды.
«СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ дәстүр бойынша осы мереке қарсаңында өз ардагерлерiне құрмет көрсетедi. Биыл басқарма бекiтiп берiлген ардагерлерге азық-түлiк салынған пакет таратты.