
Жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткiзу барысында әлеуметтiк қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдау аясында «СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ бекiтiп берiлген екi оқушыға шағын сыйлық түрiнде демеушiлiк көмек көрсеттi. Балаларға мектепке арналған керек-жарақтар салынған оқушы сөмкелерiн табыстады, оқушылардың ата-аналары көрсетiлген iлтипатқа алғыстарын бiлдiрдi.