Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген не дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына шағым берiледi.
Шағым жазбаша нысанда почтамен немесе жұмыс күндерi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.
Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады
Шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөнi мен тегi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) растайды.
Шағым құзыретiне шағымдағы мәселелердi шешу кiретiн лауазымды адамға жiберiледi. Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, почталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, бизнес сәйкестендiру нөмiрi, күнi көрсетiледi. Шағымға тiкелей оны берушi адам не оның өкiлi болып табылатын адам қол қояды.
Шағым берген кезде әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне шағым берiлген лауазымды адамдардың лауазымы, аты-жөнi мен тегi, жүгiну себептерi мен талаптары көрсетiледi.
Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" арыз туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң арызды өңдеуi барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Сонымен қатар көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға қызметтер көрсету сапасына шағым беруге құқылы.
Тiкелей мемлекеттiк қызметтер көрсететiн орталық мемлекеттiк органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Мемлекеттiк корпорацияның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.