Солтүстiк Қазақстан облысы аумағындағы құс тұмауы бойынша 2020 жылғы 21 қыркүйек күнiне жағдай туралы ақпарат

Солтүстiк Қазақстан облысы аумағындағы құс тұмауы бойынша 2020 жылғы 21 қыркүйек күнiне жағдай туралы ақпарат

Облыста құс тұмауының ошақтарын жою және оның одан әрi таралуына жол бермеу бойынша iс-шаралар жүргiзiлiп жатыр.

Құс тұмауын жою және оның одан әрi таралуына жол бермеу бойынша кешендi iс-шаралар жоспары әзiрлендi.

Ауруды жою кезiндегi iс-шараларды үйлестiру жөнiндегi жедел штаб құрылды.

Барлық мүдделi қызметтер мен ведомстволардың өзара әрекетi ұйымдастырылды.

Кiрер және шығар жолдарда карантин бекеттерi мен дезинфекциялау тосқауылдары, ақпараттық аншлагтар орнатылып, елдi мекендердегi iндет ошақтары периметрi бойынша жыртылып жатыр. Карантин аймағынан тiрi құс пен құс шаруашылығы өнiмдерiн тасымалдауға тыйым салынды.

Ауру құстар мен өлген құстардың өлекселерi алынып, күйдiрiлiп жатыр. Үстiмiздегi жылғы 20 қыркүйектен бастап iндет ошағынан 20 км радиустағы жеке аулалардағы үй құстарына вакцина егiлуде. Осы мақсаттарға республикалық қордан құс тұмауына қарсы 873 000 доза вакцина бөлiндi.

Карантин аясындағы барлық iс-шаралар республикалық бюджет есебiнен жүргiзiлетiн болады.

55 700 шаршы метр аумақтағы қора-жайлар дезинфекцияланды.

Құстардың өлгенi анықталған жағдайда, диагнозды анықтау үшiн патологиялық материал алынып, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ветеринария бойынша ұлттық референттiк орталыққа жiберiлiп отырады.

Құстардың қырылуы тiркелген 30 елдi мекеннiң iшiндегi 11 елдi мекен карантинге жабылды, 6 елдi мекен жабылатын болады, 4 елдi мекен бойынша жоғары патогендi тұмау диагнозы зертханалық түрде расталған жоқ. Қалған 9 елдi мекен бойынша патологиялық материал алынып, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ветеринария бойынша ұлттық референттiк орталыққа жiберiлдi.

32 бiрлiк арнайы техника мен ветеринариялық мамандар қатарынан 209 адамнан тұратын жеке құрам жұмылдырылды.

Карантиндiк iс-шараларды жүргiзу үшiн жанар-жағар май мен дезинфекциялау құралдарының қоры бар.

Иелерiне өтемақы төлеу үшiн алып қойылатын және жойылатын құстардың орташа айлық нарықтық құнын айқындау жөнiндегi комиссия құрылды. Өтемақы республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн болады.