Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйеткегі № 21/5 шешімі
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШТІ:
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Бубенко |
|
|
|
Солтүстік Қазақстан облыстық |
|
|
|
мәслихаттың 2022 жылғы |
|
|
|
28 қыркүйектегі № 21/3 |
|
|
|
шешімімен бекітілді |
|
1) жануардың иесі - жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;
2) жауапты адам – жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам;
3) ұстау орны – жануардың иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар немесе жер учаскелері;
4) үй жануарлары (компаньон жануарлар) (бұдан әрі – үй жануарлары) – қай түрге жататынына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар;
5) үй жануарларының өз бетінше серуендеуі – үй жануарларының ұстау орнынан тыс жерде жануар иесінсіз және (немесе) жауапты адамсыз өз бетінше болуы;
6) үй жануарларын серуендету – жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның жануарды ұстау орнының шегінен тыс жерге шығаруды көздейтін және жануардың қозғалыс белсенділігіне, табиғи қажеттіліктерін атқаруға деген физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттері.
1) үй жануарларын күтіп-бағу жағдайлары олардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуге, олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады;
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес үй жануарлары ауруларының профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді және жоюды қамтамасыз ету болып табылады.
1) Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау және денсаулық сақтау салаларындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде қоғамдық орындарда, ұстау орындарында;
2) ортақ пайдаланылатын орындарда (баспалдақ алаңдары, жертөлелер, шатырлар, шектес балкондар, лоджиялар және ортақ пайдаланылатын қосалқы үй-жайлар);
3) үй маңындағы аумақтарда (жеке тұрғын үйлердің үй маңындағы аумақтарынан басқа);
4) асүйлер мен жатақхана дәліздерінде.
1) жануарды үй жануарларына арналған панажайға уақытша күтіп-бағуға орналастырады;
2) үшінші адамдарға уақытша күтіп-бағуға береді;
3) зоологиялық жатынжайға орналастырады.
1) үй жануарларын тыйым салу белгісімен белгіленбеген орындарда ұзындығы 2 (екі) метрден аспайтын қарғы баумен тұмылдырықсыз серуендетеді, бұл ретте жануардың иесі немесе жауапты адам өзімен бірге қажет болған кезде итке дереу кигізетін тұмылдырық алып жүреді;
2) жергілікті атқарушы органдар белгілеген серуендету орындарында тұмылдырықты итке уақтылы кигізеді және қарғыбаудың лайықты ұзындығын реттейді;
3) үй жануарларын айналасындағыларға алаңдаушылық және кедергі келтірмей серуендетеді;
4) үй жануарлары көшелер арқылы немесе магистральдардың жанынан өткен кезде тұмылдырық кигізіледі және жол-көлік оқиғаларын және оның жүру бөлігінде апат болуын болдырмау үшін оны 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғы баумен ұстайды;
5) тыйым салатын жазбалар болмаған жағдайда иесінің иті тұмылдырықта және 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғы баумен мекемелерде, азық-түлік емес дүкендерде, поштада болуына рұқсат етіледі;
6) итті, егер бұл ретте қоғамға қауіп төнбесе, қоғамдық тәртіпті бұзбаса, иттің денсаулығына қауіп төнбесе немесе оның еркін қозғалуына кедергі келтірілмесе, ғимараттың жанында 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғы баумен байлап және тұмылдырықта қалдыруға рұқсат етіледі.
1) иттердің өздігінен серуендеуіне;
2) олардың мінез-құлқын бақылауға қабілеті жоқ, оның ішінде алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамдарға үй жануарларын серуендетуге және олармен қоғамдық орындарда және көлікте жүруге;
3) мектепке дейінгі балалар, білім беру, дене шынықтыру-спорттық және медициналық, емдеу ұйымдарының, мәдениет ұйымдарының, балалар мен спорттық ойын алаңдарының аумақтарында және тыйым салу белгілері орнатылған, серуендеуге арналмаған өзге де аумақтарда үй жануарларын серуендетуге;
4) адамдар шомылуға рұқсат етілген аумақта үй жануарларын серуендетуге;
5) адамдар шомылуға рұқсат етілген аумақта, тоғандарда, субұрқақтарда және су бөгеттерінде үй жануарларын шомылдыруға және жуындыруға;
6) үй жануарларының қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында (көзі әлсіз көретін адамдарға арналған қызметтік иттер мен жетелеуші иттерден басқа), сервистік қызмет көрсету азық-түлік дүкендерінің сауда және өндірістік залдарында, мәдени мекемелерде (иттер қатысатын көрмелер, ойын-сауық және бұқаралық іс-шаралар өткізу жағдайларын қоспағанда), діни ұйымдарда (бірлестіктерде), балалар, білім беру, медициналық ұйымдардың үй-жайларында болуына және ұсталуына жол берілмейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК