2021 жылғы қаңтар айында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ-нің жалпы сомасы 1 523 651,0 мың теңге 163 тармақтан тұратын Мемлекеттік сатып алудың 2021 жылға арналған жылдық жоспары уақтылы әзірленіп, бекітілді және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу веб-порталында Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер уақтылы енгізілді. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізілген өзгерістерді есепке алғанда, жалпы көлемі 1 521 536,5 мың теңгені құрады.
2021 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша өнім берушілермен жалпы сомасы 1 393 289,7 мың теңгеге 143 затқа 117 шарт жасалды, оның ішінде:
тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен — 76 шарт, өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен — 12 шарт, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен — 29 шарт, конкурс тәсілімен — 0 шарт.
Мемлекеттік сатып алу рәсімін жүзеге асыру кезінде үлестестік фактілері орын алған жоқ.