Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі

2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына қатысты мыналар жөнінде хабарлайды.

Басқарма Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының кейбір тармақтарын орындау тұрғысында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Көрсетілген Жоспардың 1-тармағына қатысты, персоналды басқару қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауаптылыққа тарту және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту мақсатында құқықтық статистика органдарына тиісті сұрау салулар жолдау арқылы Басқарма қызметкерлеріне тұрақты мониторинг жүргізіп тұрады. Бүгінгі күні мұндай фактілер орын алған жоқ.

Жоспардың 3-тармағына қатысты, Басқарма басшылығы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның барлық отырыстарына қатысады.

4-тармағына қатысты, мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселесі бойынша талаптардың сақталуы үшін мониторинг және талдау жұмысы жүргізіледі. Бұл мәселе, әсіресе, Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жасау кезінде толық зерделенеді, Басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында, әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады. Өткен кезеңде мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

2020 жылдың төртінші тоқсанында Басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілгенін атап өткен жөн. Жұмыс тобына жұртшылық өкілдері қосылды. Барлық ұсыныстар орындалды.

Жоспардың 5-тармағына қатыстыоблыстың ветеринариялық қызметі мемлекеттік қызметтің үш түрін көрсетеді, оның ішінде Басқарма Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру мемлекеттік қызметін, аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциялары «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді. Бүгінгі күні «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметтерін «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсету мүмкін емес.

«Басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйелері басқа ақпараттық жүйелермен (жеке және заңды тұлғалардың, сот органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының дерекқорымен)интеграцияланбаған.

«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің мүлде қатыспауы мүмкін емес, себебі ветеринариялық дәрігер ветеринариялық анықтаманы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорындағы жануарлар туралы мәліметтер немесе одан алынған үзінді-көшірме, ветеринариялық паспорт, сондай-ақ жүгінген сәттегі аумақтың эпизоотиялық жағдайын бағалау, көлік құралының ветеринариялық-санитариялық жағдайын бағалау негізінде жануарды, жануарлардан алынған өнім мен шикізатты ветеринариялық қарап-тексергеннен кейін ғана береді. Осылайша, осы көрсетілетін қызметті «электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш беру тұрғысында ғана электрондық форматқа көшіруге болады.

«Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін толығымен электрондық форматқа көшіру ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты ветеринариялық дәрігер «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін тексеріп, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринариялық ұйымның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ветеринариялық паспортты рәсімдейді.

Жоспардың 6-тармағына қатысты, жүргізілген талдау негізінде тізілімге қосуға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жоқ.

Жоспардың 7-тармағына қатысты, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 28 қазандағы № 268-VI Заңына сәйкес «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, соған сәйкес бақылау-қадағалау функциялары ветеринария саласындағы уәкілетті органға берілді.

Жоспардың 8-тармағына қатысты, басқарманың теңгерімінде үш қызметтік автокөлік бар (Тойота Камри, м/н 555 АВ 15; Шевроле Авео, м/н 853 АN 15; Нива, м/н 645 АN 15). Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік мүлікті, соның ішінде қызметтік автокөлікті заңсыз пайдалану фактілері тіркелген жоқ. Барлық қызметтік автокөліктер жұмыс күні аяқталғаннан кейін, СҚО Петропавл қ. Жамбыл к-сі, 302 мекенжайында орналасқан басқарма гараждарына қойылады.

Жоспардың 17-тармағына қатысты, Басқарма басшылығы жыл сайын интернет-ресурста жеке табыс салығы мен мүлік бойынша декларация жариялайды.

Жоспардың 26-тармағына қатысты, Басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың интернет-ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшалары тұрақты түрде жұмыс істейді. Тиісті ақпарат орналастырылып тұратын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі бар. Бүгінгі күні Басқарма фойесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша ақпараттық стенд, буклеттер мен бейнематериал көрсетілетін монитор орналастырылған. Ветеринариялық қызметтің қызметін жариялау жөніндегі салалық медиа-жоспар бекітілді, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мақалаларды жариялау бойынша тармақтар енгізілген. Аталған тақырып ай сайын Басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың ұжымымен құқықтық жаппай оқу өткізу үшін бекітілген оқу-тақырыптық жоспарда да көрсетілген. Үстіміздегі жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес бюджеттерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талқылау аясында әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізу көзделген.

Сондай-ақ Жоспардың 34-тармағына сәйкес Басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары өзекті ақпаратпен, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ақпаратпен үнемі толтырылып отырады.

Жоспардың 35-тармағын орындауға қатысты, халық тарапынан сыртқы баға алу және қоғамдық пікірді есепке алу мақсатында, БАҚ-та, сондай-ақ Басқарманың интернет-ресурсында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспардың іс-шараларын орындау барысы туралы ақпарат жарияланып тұрады.

2021 жылғы наурыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша сапалы жұмыс жүргізу мақсатында, мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілері ретінде ветеринариялық станцияларда комплаенс-қызметтер құрылды.

Жоспардың 37-тармағын орындауға қатысты, басқарманың интернет-ресурсында, сондай-ақ әлеуметтік желі парақшаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған ақпарат жарияланып тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жоспары жарияланады, жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша оқу-тақырыптық жоспар бекітіліп, жарияланады.

Жоспардың 39-тармағын орындауға қатысты, Басқарма сайтында «Бюджет» бөлімі құрылды, онда бюджет қаражатын жоспарлау және игеру туралы туралы ақпарат тұрақты түрде орналастырылады. Ай сайын «Ашық бюджет» жобасының аясында бюджеттің атқарылу мәселелерін түсіндіру бойынша онлайн эфирлер өткізіліп тұрады. Бюджеттердің интерактивті картасында белсенді жұмыс жүргізіледі.

Дата публикации
23 апреля 2021
Дата обновления
23 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы