«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінде негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелер айқындалады.
Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен келісілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021 жылға арналған жоспардың (бұдан әрі – Жоспар) 10-тармағында ведомстволық бағынысты ұйымдарда комплаенс-қызметтер құру көзделген.
Бүгінгі күні облыстың ветеринариялық станцияларында комплаенс-қызметтер құрылды. Уақыттың тығыздығына байланысты, кадрларды іріктеуде қиындықтар туындады. Бес ветеринариялық станцияда (Ғ. Мүсірепов, Тайынша, Шал ақын, Ақжар аудандары, Петропавл қаласы) жаңадан мамандар қабылданды, қалғандарында міндеттерді уақытша атқару жұмыс істеп жүрген қызметкерлерге жүктелді. Білікті кадрларды тарту жұмысы жалғасуы тиіс.
2021 жылғы 29 наурызда Басқарманың заң қызметі СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Д.Р. Хабибулиннің қатысуымен комплаенс-қызметтердің негізгі қызмет бағыттары жөнінде семинар-кеңес ұйымдастырды және өткізді.
Бүгінгі күні Жоспардың бірқатар тармақтары орындалды, атап айтқанда:
- ветеринариялық станциялар ашық бюджеттердің интерактивті картасында тіркелді (2-тармақ);
- бюджеттер жарияланды (3-тармақ);
- Басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желі парақшаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарлар орналастырылды (6-тармақ);
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірленді және орналастырылды (7-тармақ); комплаенс-қызметтер құрылды (10-тармақ);
- Басқарма мен ветеринариялық станциялар «Ашық бюджет» (12-тармақ), «Адал көмек» (13, 18-тармақтар) жобаларының аясында тікелей эфирлер өткізді;
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселесі жөнінде 2021 жылғы 25 наурыздағы шығыс № 1.12.-06/2424 хат жолданды (14-тармақ);
- Басқарма мен ветеринариялық станциялардың фойесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда көрнекі өнімдер орналастырылды (15-тармақ);
- 2021 жылғы 11 наурызда Басқарма басшысы «Antikor Live» жобасының менеджерімен кездесті (17-тармақ);
- 2021 жылғы 31 наурызда басқарма мен ветеринариялық станциялардың қызметкерлерімен бірыңғай ақпараттық күн өткізу жоспарланды (19-тармақ);
- ветеринария саласындағы үйлестіру кеңесі мен конкурстық комиссия құрамына жұртшылық өкілдері қосылды (21-тармақ);
- мүдделер қақтығысына (22-тармақ), қызметкерлердің әкімшілік жауаптылығына (23-тармақ), сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына (24-тармақ) мониторинг жүргізілді –бұзушылық фактілері анықталған жоқ; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды 2021 жылғы 4-тоқсанда жүргізу жоспарланып отыр (26,27-тармақтар);
- 2020 жылы конкурс тәсілімен жалпы сомасы 17 934,9 мың теңгеге 22 шарт жасалды, 2021 жылы бәсекелі тәсілмен жалпы сомасы 135 650,9 мың теңгеге мемлекеттік сатып алудың 81 рәсімін өткізу жоспарланып отыр (28-тармақ).
Жоспардың қалған тармақтары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр және бақылауға алынды.
Мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар зерделеніп, назарға алынды және ведомстволық бағынысты ұйымдарға жұмыс үшін жолданды.