Меню

Страницы

Статья

ЕАЭО еңбекшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы келiсiм қалай жұмыс iстейдi?

2021 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң еңбекшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы 20.12.2019 жылғы Келiсiм (Бұдан әрi — Келiсiм) күшiне ендi. Естерiңiзге сала кетейiк, Келiсiмнiң негiзгi мақсаты — ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшiлерiнiң зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналастырушы мемлекеттiң азаматтары сияқты жағдай мен тәртiп бойынша қалыптастыру. Бұл ЕАЭО-ға мүше әрбiр мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердiң азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтарды өз азаматтарына берiлетiн құқықтар көлемiмен бiрдей етiп беруге тиiс дегендi бiлдiредi.

Осылайша өтпелi ережелердi қамтитын Келiсiмнiң 12-бабына сәйкес зейнетақыны тағайындау және төлеу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады деп көзделген:

Келiсiм күшiне енгеннен кейiн жинақталған жұмыс өтiлi үшiн зейнетақыны ЕАЭО-ға мүше мемлекет аумағында еңбек етiп, жинақталған жұмыс өтiлi үшiн сол мемлекет тағайындайды және төлейдi;

Келiсiм күшiне енгенге дейiн жинақталған жұмыс өтiлi үшiн зейнетақы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердiң заңнамасына және 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепiлдiктерi туралы келiсiмге, ал Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы үшiн — 2006 жылғы 24 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес тағайындалады және төленедi.

Мысалы, ендi Қазақстанда жұмыс берушi еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасу кезеңiнде қазақстандық кәсiпорында еңбек қызметiн уақытша жүзеге асыратын ЕАЭО елi азаматының (Армения, Белорусь, Қырғызстан, Ресей) табысын, мiндеттi зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын мiндеттi түрде ай сайын есептеп, ұстап тұруға және оларды Қазақстанның зейнетақы заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) аударып отыруға мiндеттi. Айта кетейiк, БЖЗҚ Қазақстанда Келiсiмдi жүзеге асыру бойынша құзыреттi орган болып табылады.

Бұл болашақта еңбеккерге қазақстандық заңнамада көзделген зейнеткерлiк жасқа толған кезде немесе мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген болса, 1 және 2-топтардағы мүгедектiк белгiленген кезде өзi қалыптастырған зейнетақы жинақтары есебiнен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу құқығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес, егер еңбекшiнiң ЕАЭО-ға мүше бiр мемлекеттiң аумағында жинақтаған жұмыс өтiлi зейнетақы алуға (жинақтаушы зейнетақыны қоспағанда) құқықтың туындауы үшiн жеткiлiксiз болса, онда ЕАЭО-ның басқа елдерiнде, оның iшiнде мұндай жұмыс өтiлi уақыт бойынша сәйкес келетiн жағдайларды қоспағанда, Келiсiм күшiне енгенге дейiн жинақтаған жұмыс өтiлi ескерiлетiн болады. Бұл үшiн ЕАЭО елдерiнiң құзыреттi органдары ЕЭК-пен бiрлесiп, ЕАЭО-ға мүше елдердiң уәкiлеттi және құзыреттi органдары әзiрлеген тиiстi ақпараттық формалар арқылы еңбеккердiң еңбек өтiлiнiң болуы туралы ақпаратпен алмасатын болады.

Бұдан басқа, Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес мүгедектiгi бойынша зейнетақы төлемдерiн тағайындау мақсатында еңбекшiлердi мүгедектiктi белгiлеу үшiн медициналық тексеруден өткiзу еңбеккердiң тұрғылықты елiнiң заңнамасы бойынша, ал мүгедектiк тобы мен мерзiмiн белгiлеу үшiн куәландыру еңбеккер жұмысқа орналасқан, мүгедектiк бойынша зейнетақы тағайындайтын елдiң заңнамасы бойынша жүргiзiлетiн болады.

ЕАЭО-ға мүше әрбiр мемлекет еңбеккерге зейнетақының жұмыс кезеңiне және жұмысқа орналасқан елдегi зейнетақы жарналарының аударымдарына барабар бөлiгiн төлейтiнiн ескере отырып, ЕАЭО елдерiнiң еңбекшi азаматтары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде, оның iшiнде Қазақстанда жұмыс берушiлермен еңбек қатынастарын ресми ресiмдеуi, яғни мiндеттi түрде еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттарды уақытылы жасасулары қажет.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң еңбекшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы келiсiмнiң толық мәтiнiмен мына жерде танысуға болады.

Сондай-ақ, назарларыңызға жеке және заңды тұлғалардың Келiсiм нормаларын қолдану шеңберiнде қойған сұрақтарына берiлген жауаптарды ұсынамыз (еренсiлтеме енгiзу).

Дата публикации
15 февраля 2021
Дата обновления
15 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы