Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ Қызылжар және Тимирязев аудандары ветеринариялық станциялары директорының (басшысының) бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

2021 ж. 06 ақпан

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

1) Конкурстың өткізілетін күні мен орны:

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. Жамбыл к-сі, 302 мекенжайы бойынша 2021 жылғы 25 ақпан.

2) Кәсіпорынның атауы:

  • «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, 150700, Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылы Комаров көшесі, 2, 8-715-38-79-0-77;
  • «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, 151100, Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Тимирязев ауылы Целинная көшесі, 15, 8-715-37-79-0-34.

Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

Кәсіпорынның негізгі қызметі – жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, ауыл шаруашылығы жануарларының толық есепке алынуын қамтамасыз ету, жануардан алынатын өнімдердің құнарлылығын және ветеринариялық-санитариялық жағынан қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты адам мен жануарға ортақ аурулардан қорғау.

3) Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Ветеринария» бағыты бойынша жоғары білім және экономика саласында кәсіпорынның бейініне сәйкес басшы қызметтерінде мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

Заңнаманы білуі: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңын, Қазақстан Республикасының ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; ұйым құрылымының мамандануы мен ерешелігін; кірістер мен шығыстардың бюджеттік сметасын, ұйымның кіріс келтіретін қызметінен алынған қаражат бойынша кірістер мен шығыстар сметасын құру және келісу тәртібін, ұйымның шаруашылығын жүргізу және оны басқау әдістерін, ғылым мен озық тәжірибе жетістіктерін, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама негіздерін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін білу.

4) Конкурсқа қатысу туралы құжаттарды беру мерзімі және құжаттарды қабылдау басталатын күн.

Ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарын 150007, Петропавл қ., Жамбыл к-сі, 302 мекенжайы бойынша не upr-vet@sko.gov.kz электрондық почтасы арқылы конкурс жариялаған мемлекеттік органға ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер жіберілгені туралы хабардар етілген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде әңгімелесуден өтеді.

5) Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушылар біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақтың берілгені, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, бұрынғы жұмыс орнындағы басшылықтың ұсынымдары және тағы сол сияқтылар) ұсына алады.

6) Әрбір үміткермен әңгімелесу барысы дыбыс және бейнежазба техникалық құралдары арқылы жазып алынады.

Қажет болған жағдайда әңгімелесуді онлайн режимде қашықтықтан өткізу ескерілген.

Дата публикации
06 февраля 2021
Дата обновления
06 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы