Меню

Страницы

Статья

«Солтүстiк Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 33/5 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-6-тармағына, «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТI:

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 33/5 шешiмiне (2015 жылғы 5 мамырда «Солтүстiк Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерiнде жарияланды, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3232 болып тiркелдi) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

аталған шешiммен бекiтiлген Қағидалардың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды және жоюды облыстың жергiлiктi атқарушы органы құрған ветеринария саласындағы қызметтердi жүзеге асырушы мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар (аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциялары) (бұдан әрi — Ұйым) жүзеге асырады».

2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облыстық
мәслихат сессиясының төрағасы

Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының
хатшысы

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы