2026 жылғы 9 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар бөлімінің бас маманы Б.М. Жұмабекова Zoom платформасы арқылы аудандар мен Петропавл қаласы ветеринариялық станцияларының ветеринариялық анықтамалар беруге жауапты ветеринар мамандары үшін құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізді. Барлығы 48 ветеринар маман қатысты.
Оқыту барысында Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Қатысушыларға негізгі жаңа енгізілімдер, оларды іс жүзінде қолдану тәртібі, сондай-ақ ветеринариялық құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес ресімдеуге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Осындай оқыту іс-шараларын өткізу мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді, ветеринариялық құжаттарды ресімдеудің және ветеринария саласында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз етеді.