2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде 1 056 562 бас ауыл шаруашылығы жануары тіркелген, оның ішінде: ІҚМ – 279 969 бас, ҰҚМ – 433 338 бас, шошқа – 174 057 бас, жылқы – 169 198 бас.
Бірдейлендіру жануарларды есепке алу және олардың иелерін уақтылы анықтау үшін бірінші кезектегі іс-шара болып табылады.
2026 жылдың бірінші тақсанында – 149 440 бас ауыл шаруашылығы жануарларының төлі бірдейлендірілді, оның ішінде: ІҚМ – 32 452 бас, ҰҚМ – 56 023 бас, шошқа – 58 900 бас, жылқы – 2 065 бас.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында «Tort Tulik» мобильді қосымшасында 14 797 пайдаланушы тіркелді.
«Tort Tulik» мобильді қосымшасы жануар иелеріне арналған және ветеринариялық мамандарға бармай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпаратты жаңарту» қызметтері, сондай-ақ мал басын бақылау және түгендеу функциялары қамтылған.