«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ Айыртау, Ақжар, Жамбыл және Тимирязев аудандарының ветеринариялық станциясы басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
2026 ж. 12 қаңтар
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
1) Конкурстың өткізілетін күні мен орны:
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. Жамбыл к-сі, 302 мекенжайы бойынша 2026 жылғы 02 ақпан.
2) Кәсіпорынның атауы:
- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, тел: 8-715-33-22-7-12;
- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақжар ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, тел: 715-46-22-0-93;
- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, тел: 8-715-44-22-6-24;
- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, тел: 8-715-37-21-8-99;
Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
3) Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Ветеринария» мамандығы бойынша жоғары білімі және осы салада бағытталған басшы қызметінде жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
Заңнаманы білуі: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңын, Қазақстан Республикасының ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; ұйымның шаруашылығын жүргізу және оны басқау әдістерін, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама негіздерін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін білу.
4) Конкурсқа қатысу туралы құжаттарды беру мерзімі және құжаттарды қабылдау басталатын күн.
Ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Ветеринария басқармасының интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарын 150007, Петропавл қ., Жамбыл к-сі, 302 мекенжайы бойынша не vetsko @mail.kz. электрондық почтасы арқылы конкурс жариялаған мемлекеттік органға ұсынады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер жіберілгені туралы хабардар етілген күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде әңгімелесуден өтеді.
5) Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрі м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушылар біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.
6) Әрбір үміткермен әңгімелесу барысы дыбыс және бейнежазба техникалық құралдары арқылы оның келісімімен жазып алынады.