Бруцеллез — жануарлар мен адамның созылмалы ауруы.
Шаруашылықта ауру табынға басқа жануарларды қосқаннан кейiн, мал басын карантиндеу қағидаларын сақтамаған кезде, сау жануарлар мен ауру жануарларды бiрге баққан, инфекцияланған су көздерi мен мал айдау жолдарын пайдаланған кезде ауру жұғуы мүмкiн.
Жаңадан пайда болған бруцеллез ошақтарында бірнеше ай ішінде сезімтал мал басының 60%-ға жуығы және одан көбі ауру жұқтыруы мүмкін.
Аурудың таралуына жол бермеу мақсатында жылына екi рет бруцеллезге диагностикалық зерттеу жүргiзiледi.
Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстаумен және өсiрумен айналысатын адамдар жануарлары бруцеллезге оң әсер берген жағдайда мына мәселелердi бiлуi қажет:
Бруцеллез бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібіне сәйкес мал иелері ауру жануарларды басқа жануарлардан оқшаулап, күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде ет комбинаттарына немесе сою пункттеріне санитариялық союға өткізуге міндетті. Малды санитариялық союға өткізгеннен кейін ветеринар қызметкерлер қор-жайларға дезинфекция жүргізуі үшін ауру мал тұрған қора-жайға механикалық тазарту жүргізу (қидан, жемшөптен тазарту) қажет.
Бруцеллез малды санитариялық союға өткізген кезде зертхананың мал дәрігері тікелей сою объектісінде ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізіп, тұтас еттің ветеринариялық-санитариялық бағасын айқындайды.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау қағидаларына сәйкес тұтас еті мен ағзаларында патологанатомиялық өзгерістер болмаған кезде бруцеллез малдың еті (қой мен ешкінің тұтас етін қоспағанда) 12 сағат тұрғаннан кейін шектеусіз шығарыла береді.
Мал иелері осындай қорытынды алған кезде берілген ветеринариялық-санитариялық сараптама актісінің негізінде бруцеллезге оң әсер берген малдың тұтас етін ішкі сауда объектілерінде (дүкендер, базарлар) нарықтық баға бойынша сата алады немесе тұтас етті сою объектісінде өз қалауы бойынша нарықтық бағамен қалдыра алады.
Сондықтан ірі қара мал, шошқа, түйе мен жылқы бруцеллезбен ауырған кезде етті шектеусіз пайдалану туралы сараптама актісін алған ет иелеріне жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құны өтелмейді.
Демек, міндетті түрде залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) және қайта өңдеуге жіберілетін тұтас ет пен ағзаларында патологанатомиялық өзгерістер болғанда ғана бруцеллез малдың құны өтеледі. Құны жануарлардан алынатын өнімнің бір килограмы есебімен орташа айлық нарықтық құнының 30%-ы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен өтеледі, ал орташа айлық нарықтық құнының қалған бөлігін (70%) өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым төлейді.
Бруцеллезге оң әсер берген жануарларды алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу кезінде құнын өтеуге қажетті құжаттар тізбесі:
Барлық меншік нысандарының иелері бруцеллездің алдын алу мақсатында ветеринариялық қызмет мамандарына індетке қарсы ем-дом жасатып, жануарларын аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станцияларында тіркеуі қажет.
Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары! Бруцеллез – адам мен жануарға ортақ қауіпті ауру. Бруцеллездің алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар!