Меню

Страницы

Статья

Үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары

Жануарларға деген сүйіспеншілік жағымды эмоция арқылы ғана емес, тәртіп арқылы да білінеді. Үй жануарларының иелері Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі шешімімен белгіленген қағидаларды сақтауы қажет. Осы Үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары облыстың барлық тұрғындары үшін міндетті болып табылады.

Жануарларды асырау кезінде олардың биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ауруларының алдын алуды және емдеуді қамтамасыз ету керек. Жануарлар адамдарға, басқа жануарларға және қоршаған ортаға қауіп төндірмеуі тиіс.

Жануарларды қоғамдық орындарда және көп пәтерлі үйлердің ортақ аумақтарында (баспалдақ алаңы, жертөлелер, шатырлар, балкондар және т.б.), сондай-ақ жатақханалардың ас үйлері мен дәліздерінде ұстауға тыйым салынады. Көп отбасылық тұрғын үйлерде – барлық кәмелетке толған тұрғындардың келісімімен, бау-бақша және саяжай кооперативтерінде санитариялық нормалар сақталған жағдайда ұсталады.

Иелері үй-жайлардың және қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге, жануарларды қараусыз қалдырмауға (жол жүріп кеткен кезде — уақытша ұстауға немесе панажайға беруге) және иттерді өздігінен жүрмейтіндей қоршауларда немесе байлаулы ұстауды қамтамасыз етуге міндетті.

Жануарларды қауіпсіздік шаралары сақталған жағдайда ғана серуендетуге рұқсат етіледі. Иттерді әсіресе халық көп жиналатын жерлерде, көлікте және жолдан өткен кезде қарғыбаумен (2 м-ге дейін), тұмылдырықпен (қарғыбау 1,5 м-ден аспайды) серуендетеді. Итті ғимараттың кіреберісінде уақытша қалдырған жағдайда, оған тұмылдырық кигізіп, мықтап байлап кету керек.  

Жануарларды балалар алаңында, спорт алаңдарында, мектептердің, ауруханалардың, мәдени объектілердің жанында серуендетуге, адамдар шомылатын аймақтарда, субұрқақтар мен су қоймаларында шомылдыруға, егер ол ерекше бақылауды қажет етсе, иттерді тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз серуендетуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, қызметтік және күзетші иттердің өздігінен жүруіне (күндіз — тек қоршау немесе байлауда, түнде – қоршалған аумақта) және мас күйдегі адамдардың жануарларды серуендетуіне тыйым салынады.

Иттерді арнайы белгіленген жерлерде ғана серуендетуге болады. Тыйым салынған аймақтарға белгілер қойылады. Ұйымдардың (мектептердің, діни мекемелердің және т.б.) аумақтарында әкімшілік заңға сәйкес тәртіп белгілейді.

Дата публикации
01 августа 2025
Дата обновления
01 августа 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы