«Ветеринария туралы» 2022 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңға сәйкес ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің мынадай түрлері хабарлама жасауға жатады:
1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі;
2) ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу;
2-1) жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды шығару;
3) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу.
Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін бұл жөнінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
Ветеринария басқармасын ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
1) қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жабдық жиынтығын иеленуі;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
Ветеринария басқармасын ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалар хабарламаға:
1) тегін, атын, әкесінің атын, білімін, дипломның нөмірі мен берілген күнін қамтитын, ұйымның бірінші басшысы қол қойған және мөрімен бекемделген жиынтық кестені (заңды тұлғалар);
2) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломның көшірмесін (жеке тұлғалар);
3) мамандандырудан немесе біліктілігін жетілдіруден және оны арттырудың басқа да түрлерінен өткені туралы сертификатты;
4) ветеринариялық-санитариялық қорытындының көшірмесін қоса береді.
Ветеринария басқармасын ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу, жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды шығару жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде үй-жайларының және жабдық жиынтығын иеленуі;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
Хабарламаға «Ветеринария туралы» Заңның 13-1-бабының 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ:
1) объектіге есептік нөмір берілгені туралы растаудың;
2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Ветеринария басқармасын дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар еткен жеке және заңды тұлғалардың:
1) қызметті жүзеге асыру үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде қажетті үй-жайларының, жабдық жиынтығының және техникасын иеленуі;
2) штатында ветеринария саласындағы тиісті мамандықтар бойынша қызметкерлерінің болуы (заңды тұлғалар);
3) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломының болуы (жеке тұлғалар) міндетті.
Хабарламаға «Ветеринария туралы» Заңның 13-1-бабының 4-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Тиісті хабарламаны Электрондық Үкімет порталында және Қазақстан Республикасының Электрондық лицензиялау порталында бере аласыздар.
Қызықтыратын сұрақтар бойынша Петропавл қ., Жамбыл көшесі, 302 мекенжайында орналасқан «СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ-ға жүгіне аласыздар, байланыс телефондары 8 (7152) 50-16-81, 8 (7152) 34-02-35