Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ Жамбыл және Айыртау аудандарының ветеринариялық станциясы басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына сәйкес өткізіледі. 

1) Конкурстың өткізілетін күні мен орны:

          Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қ. Жамбыл к-сі, 302 мекенжайы бойынша 2025 жылғы 20 мамыр.

          2) Кәсіпорынның атауы:

- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, тел: 8-715-44-22-6-24;

-«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК, тел: 8-715-33-22-7-12;

Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

  1. Кәсіпорынның негізгі қызметі – жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, халықты адам мен жануарға ортақ аурулардан қорғау.

3) Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Ветеринария» бағыты бойынша жоғары білім және экономика саласында кәсіпорынның бейініне сәйкес басшы қызметтерінде мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.

Заңнаманы білуі: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңын, Қазақстан Республикасының ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; ұйымның шаруашылығын жүргізу және оны басқау әдістерін, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама негіздерін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерін білу.

4) Конкурсқа қатысу туралы құжаттарды беру мерзімі және құжаттарды қабылдау басталатын күн.       

Ресми бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Ветеринария басқармасының интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарын 150007, Петропавл қ., Жамбыл к-сі, 302 мекенжайы бойынша не vetsko @mail.kz. электрондық почтасы арқылы конкурс жариялаған мемлекеттік органға ұсынады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер жіберілгені туралы хабардар етілген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде әңгімелесуден өтеді.   

5) Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрі м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушылар біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты  ұсына алады.

          6) Әрбір үміткермен әңгімелесу барысы дыбыс және бейнежазба техникалық құралдары арқылы жазып алынады.

Дата публикации
16 мая 2025
Дата обновления
16 мая 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы