Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/3 шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары, № 21/4 шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары бекітілді.
2025 жылға жергілікті бюджеттен қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулауды, бірдейлендіруді, вакциналауды және стерилдеуді ұйымдастыруға, иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын бірдейлендіруге 53 млн. 465 мың теңге қаржы бөлінді.
Осы жылдың 1-тоқсанында 20 бас қаңғыбас ит стерилденді.
Облыста жануарларды есепке алу жөніндегі «TANBA» ақпараттық сервисі жұмыс істейді. Бұл жүйеде жануарларға қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын 25 ұйым тіркелген (14 ветеринариялық станция, 7 ветеринариялық клиника, 2 аулау қызметі, 1 панажай, 1 қоғамдық қор). Үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес 12 795 үй жануары есепке қойылды (7583 ит, 5212 мысық).
Қазіргі уақытта облыста 3 жеке меншік панажай бар және жұмыс істейді, оның ішінде Петропавл қаласында – 2 («Белый Бим», сыйымдылығы 400 ит, «Исаков Андрей» ЖҚҚ, сыйымдылығы 300 мысық, 500 ит), Қызылжар ауданы Вишневка ауылында – 1 («Шанс на жизнь», сыйымдылығы 500 ит). Сонымен қатар, Петропавл қаласында 2 зооқорғау ұйымы бар («Верный друг» қоғамдық қайырымдылық қоры, «Фауна» жастар қоғамдық бірлестігі). Ынтымақтастық туралы 5 меморандум жасалды. Телеграмм чат құрылды.
Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері жануарларды уақытша ұстау пункттерін салу үшін жер учаскелерін бөлу жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні уақытша ұстау пункттері үшін 6 ғимарат, 9 учаске бөлінді. 15,4 млн. теңге қаражат бөлінді. Уақытша ұстау пункттерін күтіп-ұстауға 2 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.
Бүгінгі күнге дейін 8 ауданда (Айыртау, Ақжар, Есіл, Жамбыл, М. Жұмабаев, Тайынша, Тимирязев, Шал ақын) уақытша ұстау пункті салынды, қалған аудандарда (Аққайың, Қызылжар, Мамлют, Уәлиханов, Ғ. Мүсірепов) және Петропавл қаласында уақытша ұстау пунктін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқушылардың жануарларға ізгілікпен қарауын тәрбиелеу мақсатында, 2025 жылдың 1-тоқсанында 20-дан астам іс-шара (пікірталастар, дәрістер, әңгімелер, сынып сағаттары, сурет байқаулары және т.б.) өткізілді.
Сондай-ақ, «Дүниетану» (1-4-сыныптар), «Жаратылыстану» (1-6-сыныптар), «Көркем еңбек» (1-7-сыныптар) сабақтарында; орта және жоғары буындарда «География» (7-11-сыныптар); «Биология» (6-11-сыныптар), «Адам. Қоғам. Құқық» (9-сынып – 7 сағат, 10-11-сынып – 7-10 сағат) пәндері аясында оқушылар экологиялық білімді қалыптастыру бойынша жеткілікті білім алады, жануарларға мейіріммен және жанашырлықпен қарауды тәрбиелеудің кепілі ретінде қызығушылық танытып, жағымды эмоциялар білдіреді.
Облыста жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдерімен жануарларды қорғау, оның ішінде БАҚ пен әлеуметтік желілерде кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері жөнінде өзара іс-қимыл ұйымдастырылған.
Ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде жануарларға жауапкершілікпен қарау, иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары туралы 20-ға жуық ақпараттық материал орналастырылды. Ветеринария басқармасының ресми интернет-ресурсында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» қосымша бет құрылды.
2025 жылғы 27 наурызда ветеринария басқармасы құқық қорғау органдарының өкілдерімен, Петропавл қ. ветеринариялық станцияларының қызметкерлерімен, сондай-ақ жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлармен бірлесіп, Подгора ауданында рейд жүргізді.
Бұл іс-шараның мақсаты жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнама нормаларын сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ үй жануарлары иелерінің жауапкершілік деңгейін арттыру болды.
Жануарлар иелеріне ақпараттық жаднамалар таратылып, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын сақтау, сондай-ақ иттер мен мысықтарға чип салу бойынша ұсынымдар берілді.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылдың 1-тоқсанына арналған деректері бойынша ит тістегеннен 143 адам зардап шеккен (иесі бар иттер бойынша – 71 жағдай, қаңғыбас иттер бойынша – 72 жағдай), оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар бойынша 28 жағдай (иесі бар иттер бойынша – 17 жағдай, қанғыбас иттер бойынша – 11 жағдай), құтыруға қарсы емдік-профилактикалық вакцина егуге 143 адам жүгінді (алды).
Полиция органдарының 2025 жылдың 1-тоқсанына арналған деректері бойынша облыста иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларын бұзғаны үшін шамамен 2 млн. 730 мың теңге сомасына 117 әкімшілік айыппұл салынды.
Бүгінгі күні облыс аумағында азаматтардың ит тістегеннен қаза болу жағдайлары тіркелген жоқ.
Петропавл қаласының аумағында үй жануарларын стерилизациялау, вакциналау және чип салу бойынша қызметтер көрсететін 7 ветеринариялық клиника жұмыс істейді:
- «Надежда» ветеринариялық клиникасы, Жабаев көшесі, 156, телефоны 39-70-65;
- «Айболит» ветеринариялық клиникасы, Интернациональная көшесі, 21, телефоны 36-35-89;
- «Центр ветеринарной диагностики и терапии «Верный друг» ЖШС, Васильев көшесі, 123, телефоны 87776076843;
- «Городская ветеринарная клиника» ЖШС, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 130, телефоны 46-78-78;
- «Ветеринарный центр» ЖШС, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 121, телефоны 37-37-91;
- «ВетЛекарь» ветеринариялық клиникасы, Тепловское лесничество көшесі, 33, телефоны 87713888111;
- ЖК «Центр ветеринарной хирургии Пегас», А. Шәжімбаев көшесі, 142В, телефоны 87003203030.
Заңды іске асыру бойынша жұмыс жалғасады.