2025 жылғы 27 наурызда ветеринария басқармасы құқық қорғау органдарының өкілдерімен, Петропавл қаласы ветеринариялық станциясының қызметкерлерімен, сондай-ақ жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлармен бірлесіп Подгора ауданында рейд жүргізді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ үй жануарлары иелерінің жауапкершілік деңгейін арттыру болып табылады.
Жануарлардың иелеріне ақпараттық жаднамалар таратылып, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын сақтау, сондай-ақ иттер мен мысықтарға чип салу бойынша кеңестер берілді.