Үй жануарлары өмірімізге қуаныш, жайлылық пен адалдық сезімін сыйлайды. Дегенмен, үй жануарын асырап алу – үлкен жауапкершілік алғандықты білдіреді. Өкінішке орай, адамдардың барлығы бірдей жануардың ойыншық емес, қамқорлықты, сүйіспеншілікті және дұрыс күтімді қажет ететін тіршілік иесі екенін түсіне бермейді.
Үй жануарын асырап алмас бұрын, оған лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге дайын ба екендігіңізді мұқият ойлап алған жөн. Демек оны сапалы тамақтандыруға, жүйелі түрде ветеринар дәрігерлерге қаратуға, жүруі үшін жеткілікті орынның болуына және оған көңіл бөлуге уақыт табуға дайынсыз ба? Жануарлардың көбі, әсіресе иттер мен мысықтар иелеріне қатты бауыр басып кетеді, жеткілікті көңіл бөлінбеуі олардың мінез-құлқы мен саулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Қазіргі қоғамдағы басты проблемалардың бірі – жануарларға жауапсыз қарау. Кейбір адамдар күтім жасаудың барлық қиындықтарын сезінбей, үй жануарып асырап алады да, кейін қолайсыздыққа тап болған кезде оларды тастап кетеді. Бұл аштықтан, суықтан және аурудан зардап шегіп жүретін қаңғыбас жануарлардың көбеюіне әкеп соғады.
Бұл мәселенің алдын алу үшін жануарлардың иелері жануарларды ұстау қағидалары мен нормаларын сақтауы керек. Үй жануарларына жауапкершілікпен қарау қажет, иттерді рұқсат етілген жерлерде серуендетіп, олардың нәжісін тазарту, міндетті екпелерін егу, үй жануарының айналадағыларға қолайсыздық туғызбауын қадағалау, өсіп-өнуіне жол бермеу үшін оларды стерилдеу және ең бастысы тастап кетпей, жаңа иесін табу немесе панажайға жайғастыру керек.
Үй жануарлары үшін жауапты болатын – тек адам. Олардың тағдыры біздің оларға деген қарым-қатынасымызға, мейірімділігімізге және қамқорлық жасауға дайын екендігімізге байланысты.
Жануарларға деген сүйіспеншілік тек жылы сөз бен ойнату ғана емес, сонымен қатар қамқорлық жасай білу, емдеу, тамақтандыру және жауапкершілікті сезіну. Осыны әрқашан есімізден шығармайық, әлемді тек өзіміз үшін ғана емес, сонымен бірге кішкентай достарымыз үшін де мейірімді етейік.