Соңғы жылдары бұралқы иттердің көбею мәселесі барған сайын шиеленісіп барады. Бұл бірқатар әлеуметтік, экономикалық және экологиялық факторларға байланысты. Бұралқы жануарлар өздеріне де, адамдарға да қауіп төндіреді, бұл мәселені шешу үшін кешенді тәсілдерді қолдану қажет.
Қаңғыбас иттердің көбеюінің бірнеше себебі бар. Негізгі себеп – иелерінің жауапсыздығы, яғни адамдардың көбі ит асырап аларда, оларды ұзақ уақытқа өз жауапкершіліктеріне алып жатқандығы туралы ойланбайды. Нәтижесінде қиындықтар туындаған кезде (қаржылық проблемалар, көшу, ауыру) жануарлар далада қалады.
Стерилдеу жүргізілмеген жағдайда бұралқы иттер популяциясы назардан тыс бақылаусыз өсе береді. Көшеде туылған күшіктер өршіп бара жатқан мәселенің бір бөлігіне айналады.
Сонымен қатар, көбі өз жануарларына чип салудан бас тартады және бұл үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерін бұзуға, қаңғыбас жануарлардың назардан тыс көбеюіне әкеп соғады.
Сондай-ақ, панажайларда орын жетіспейді, бұл иттерді құтқару және отбасыларға жайластыру процесін қиындатады.
Қаңғыбас иттердің көбеюі бірқатар жағымсыз салдарға әкеп соғады:
- адамдар үшін қауіпті – қаңғыбас жануарлар адамдарға шабуыл жасауы мүмкін, әсіресе аш болғанда немесе аумағын қорғау кезінде қауіпті;
- аурулардың таралуы – қаңғыбас иттер мен мысықтар құтыру, токсоплазмоз, теміреткі және жануарларға да, адамдарға да қауіпті басқа ауруларды таратуы мүмкін;
- жол-көлік оқиғалары санының көбеюі – иттер мен мысықтар жиі жолға жүгіріп шығып, апатқа себеп болады.
Қаңғыбас иттердің көбеюі – жүйелі тәсілді қажет ететін күрделі мәселе. Үй жануарларының иелеріне асыл тұқымдық құндылығы жоқ үй жануарларын стерилдеуге/кастрациялауға кеңес беріледі, сондай-ақ «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап иелері үй жануарларын (иттерді, мысықтарды) есепке қоюы қажет. Мұның бәрі кешенді түрде қаңғыбас жануарлар санының біртіндеп азаюына әкеледі.
Жануарларды қаңғыртып жіберу – бұл жауапсыздықтың нәтижесі екенін есте ұстаған жөн. Үй жануарларына саналы түрде қарап, мәселені шешуге белсенді ат салысу жағдайды жақсы жаққа өзгертуге көмектеседі.