Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидалары «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-11) тармақшасына сәйкес әзірленді және биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін айқындайды.
Биологиялық қалдықтар – жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары).
Мал өлген, абортталған немесе өлі туған төлді анықтаған сәттен бастап, бір тәуліктен артық емес мерзімде жеке және заңды тұлға осы туралы ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің қызметкеріне – ветеринария саласындағы маманға хабарлайды. Қолайсыз пункттердегі биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды, жоюды мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады. Биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу немесе көму (жағу) үшін жеткізуді жеке немесе заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген биологиялық қалдықтар:
1) жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген биологиялық қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын ұйымдарда жемшөп мақсатында кәдеге жаратады;
2) мал қорымында (биотермиялық шұңқырда) кәдеге жаратуға жатады;
3) арнайы қондырғыда жағу жолымен кәдеге жаратады.
Жануарлардың өлуі нәтижесінде пайда болған биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату кезінде жануарлардың өлекселерін мал қорымына тастау алдында ветеринариялық тексеруден өткізеді.
Жануарлардың өлуі нәтижесінде пайда болған биологиялық қалдықтарды әрбір тастағаннан кейін мал қорымының қақпағы тығыз жабылады.
Жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген биологиялық қалдықтарды жою арнайы қондырғыларда (инсинираторлар, крематорийлер, өлексе жағатын пештер және осы мақсатта көзделген басқа да қондырғылар), жерден қазылған орларда (шұңқырларда) жағу әдісі, басқа да қолжетімді техникалық әдістер арқылы жанбайтын органикалық емес қалдық түзілгенге дейін жүзеге асырылады.
Биологиялық қалдықтарды жерге көму, су қоймаларына, тұрмыстық қоқыс контейнерлеріне төгу, қалдықтарды көмуге арналған полигондарға шығару жолымен жоюға қатаң тыйым салынады.
Құрметті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мал өлімі мен ауруларының барлық жағдайлары туралы ветеринария мамандарын хабардар ету қажет.