Меню

Страницы

Статья

Инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың өкілдері салымшылар сауалдарына жауап берді

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарында 2024 жылдың 13 желтоқсан күні «Инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау» тақырыбы  бойынша Ашық есік күні өткізілді.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарын жеке инвестициялық компаниялар – ИПБ-лардың сенімгерлік басқаруына беру мүмкіндігіне ие болды. Бастапқыда ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын немесе сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін зейнетақы шотында қалған жинақтарды ғана беруге болатын еді. Алайда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап инвестициялық мүмкіндіктер кеңейді: енді БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен 50% дейін, ал ерікті жарналарын 100% жеке компаниялардың сенімгерлік басқаруына бере алады. 

Кездесу барысында Қор мамандары мен инвестициялық компаниялардың өкілдері ИПБ таңдау кезінде салымшылардың нені білулері керектігін және зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру ережелері туралы баяндап берді. 

Бұдан бөлек, БЖЗҚ мамандары тілек білдірген салымшыларға жеке ақыл-кеңестерін берді. Себебі, салымшыларды іс-шара тақырыбы ғана емес, жалпы Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер де қызықтырады екен.

Онлайн кездесу үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды. 

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша ақыл-кеңесті салымшылар БЖЗҚ филиалдарында да, enpf.kz сайты, мессенджерлер және әлеуметтік желілер арқылы онлайн режимінде де ала алады. Оған қол жеткізу тәсілдері  іс-шарада айтылды.

Дата публикации
17 декабря 2024
Дата обновления
17 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы