Меню

Страницы

Статья

Азаматтық қорғау

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуiрдегi № 188-V ҚРЗ

Эпизоотиялық карта

Мағжан Жұмабаев ауданында өткен командалық-штабтық оқу-жаттығу

2019 ж. 01.07

2019 жылғы 26-27 маусым аралығында М. Жұмабаев ауданы Булаев қаласында «Басқару органдарының, ТЖ комиссияларының өрт қаупi бар кезеңде ТЖ салдарының алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс iс-шараларын орындау бойынша iс-қимылдары» тақырыбында Азаматтық қорғаныс қызметтерiнiң командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткiзiлдi.

Оқу-жаттығуға аудандық және облыстық жануарларды қорғау қызметтерi жұмылдырылды.

Оқу-жаттығулар кезiнде азаматтық қорғау күштерi мен құралдарын басқару және құлақтандыру сызбасы пысықталды, төтенше жағдайларды болдырмауға және оның салдарын жоюға арналған күштер мен құралдардың бар-жоғы тексерiлдi. Ветеринариялық қызметтiң төтенше жағдайлар кезiндегi iс-қимылдарға даярлық деңгейiне баға берiлдi.

02.03.2018 ж.

Петропавл қаласының № 7 орта мектебiнде «Бүкiләлемдiк Азаматтық Қорғаныс күнiн» мерекелеу аясында өткiзiлген iс-шара туралы ақпарат

Бас Ассамблеяның Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының 9-шы сессиясының шешiмiне сәйкес жыл сайын 1 наурызда Бүкiләлемдiк азаматтық қорғаныс күнi атап өтiледi. Азаматтық қорғаныстың маңыздылығына қоғам назарын аудару мақсатында, Жануарларды қорғау қызметiнiң мамандары Петропавл қаласындағы № 7 орта мектепке барып, «Күйiп қалған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбы бойынша өткен ашық сабаққа қатысты.

Сондай-ақ оқушылардың төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындығын арттыру мақсатында, мектеп директорының мiндетiн атқарушы Елена Юрьевна Мироедовамен бiрлесiп, өрт шыққан кезде мектеп ғимаратынан балаларды эвакуациялауға үйретуге қатысты.

2017 жылғы су тасқыны кезеңiнде Солтүстiк Қазақстан облысының жануарларды қорғау қызметi жүргiзген iс-шаралар туралы ақпарат

Азаматтық қорғау

«Солтүстiк Қазақстан облысының азаматтық қорғау аумақтық кiшi жүйесiнiң азаматтық қорғау қызметтерiн құру туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң 2015 жылғы 18 қыркүйектегi № 27 шешiмiмен «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң негiзiнде Солтүстiк Қазақстан облысының Жануарларды қорғау қызметi құрылды.

Қызметтiң негiзгi мiндеттерi:

  1. Ауыл шаруашылығы жануарларын, мал шаруашылығы өнiмдерiн, су көздерi мен сумен жабдықтау жүйелерiн радиоактивтi, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру және орындау;
  2. Ауру жұқтырған жануарларды ветеринариялық зерттеу, өңдеу және емдеудi ұйымдастыру;
  3. Ауру жұқтырған жануарды шарасыздықтан союды және көмудi ұйымдастыру;
  4. Мал шаруашылығы өнiмiн залалсыздандыру;
  5. Ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен ауыл шаруашылығы жануарларын қауiпсiз аймаққа шығаруды ұйымдастыру;
  6. Азық пен жемшөптiң қажеттi қорын жинау;
  7. Қызметтiң құрылымдарын құру және оларды мақсаты бойынша iс-әрекетке даярлықта ұстау, жеке құраммен, техникамен, мүлiкпен қамтамасыз ету;
  8. Дәрi-дәрмектердiң, залалсыздандыратын заттардың қорын құру және уақтылы жаңарту;
  9. Ауыл халқын табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларда, зақымданған ошақтарда әрекет етуге үйретудi ұйымдастыру және жүргiзу;
  10. Азаматтық қорғаудың басқару жүйелерiн құруды және жоғары дәрежедегi даярлықта ұстауды, халықты табиғат апаттарының, iрi апаттардың, қарсылас қазiргi заманғы зақымдаушы құралдарды қолданған кездегi апаттардың қатерi мен орын алуы туралы хабардар етудi қамтамасыз ету, радиоактивтi, химиялық және бактериялық зақымдануды үнемi қадағалау және бақылауды ұйымдастыру.

Жануарларды қорғау қызметiнiң құрамына 13 аудандық және қалалық ветеринария бөлiмi кiредi. Қызмет өз жұмысын облыстың басқа да Қызметтерiмен өзара әрекет ете отырып жүзеге асырады.

Қызметтiң бастығы болып табылатын облыс әкiмiнiң шешiмiмен тағайындалатын «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ басшысы Ербатыр Қайыргелдiұлы Мадияров Қызметке басшылық етедi.

Қолда бары мыналар:

  • аудандық ветеринариялық станцияларға тиесiлi «Камаз» автокөлiгiнiң шассиiндегi автомалтасығыш — 13 бiрлiк;
  • дезинфекциялау қондырғысы (ДУК) бар УАЗ автокөлiктерi — 14 бiрлiк;
  • өлген жануарлардың өлекселерiн жоятын қондырғысы (инсинератор) бар ГАЗ автокөлiгi — 13 бiрлiк;
  • аудандық ветеринариялық станцияларда орналасқан стационарлық инсинераторлар — 17 бiрлiк.

Ветеринариялық мақсаттағы дәрiлiк препараттар, биологиялық препараттар мен дезинфекциялау құралдарының қажеттi мөлшерi бар.

Штаб жануарларды қорғау қызметiнiң жұмысын үйлестiрудi стационарлық телефон және ұялы байланыс арқылы жүзеге асырады. ТЖ орын алған жағдайда ведомстволық бағынышты қызметтер аудандық ветеринариялық станцияларға тиесiлi 189 бiрлiк «Нива» жеңiл автокөлiгiмен қамтамасыз етiледi. Төтенше жағдайды жоюға бiр уақытта 111 ветеринар маман жұмылдырыла алады. ТЖ кезiнде пайда болған жануарлардың аса қауiптi аурулары ветеринариялық-санитариялық қағидаларға, аурулармен күресу жөнiндегi нұсқаулықтарға сәйкес жойылады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жағдайларында қолданылатын жануарларды қорғау шаралары

Өткен жылы ауа райының күрт жылынып, қардың жаппай еруiнен болған су тасқыны төтенше жағдайлардың ықтимал зардабының алдын алуға бағытталған кешендi шараларды қабылдаудың қажет әрi маңызды екенiн көрсеттi. Соның iшiнде бұл синоптиктердiң болжамы бойынша ерте келедi деп күтiлiп отырған көктемде ауыл шаруашылығы жануарларын табиғи және техногендiк сипаттағы факторлардың ықпалынан қорғауға да қатысты.

Төтенше жағдайлар салдарының алдын алу және жою жағдайларында жануарларды қорғау жөнiндегi мәселелердi шешу үшiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң қаулысымен жануарларды қорғау қызметi құрылды. Қызмет құрылымы вертикаль бойынша құрылған және аудандық құрылымдар бағынатын облыстық деңгейдегi басқару органдарынан тұрады. Жануарларды қорғау қызметiнiң негiзгi функцияларына жануарлардың аса қауiптi ауруларының пайда болуына жол бермеу бойынша iс-шаралар жүргiзу, пайда болған жағдайда эпизоотиялық ошақтарды жою, жануарларды радиоактивтi және улағыш заттармен зақымдану факторларының ықпалынан қорғау, сондай-ақ жануарларды зақымданған аймақтан көшiру жатады. Алға қойылған мақсатқа жету үшiн аудандық ветеринариялық қызметтердiң төтенше жағдай туындаған жағдайда жұмылдыратын күштерi мен құралдары жеткiлiктi. 2016 жылы облыстық және аудандық жануарларды қорғау қызметтерi Тайынша ауданы Донецк ауылы, Тимирязев ауданы Степной ауылы, Есiл ауданы Корнеевка және Алқа ауылдарында және басқа көптеген су басқан аймақтарда су тасқыны салдарын жоюға қатысты. Жануарларды қорғау командасының мал дәрiгерлерi төтенше жағдайларды жою жөнiндегi басқа да жедел қызметтермен бiрлесiп, су басу жағдайларына тәулiк бойы мониторинг жасады, жануарлар мен жем-шөптi көшiрiп, орналастырды, ветеринариялық емдiк көмек көрсетiп, өлген малды уақтылы жойып отырды. Жануарларды қорғау қызметi облыс бойынша су басқан аумақтан барлығы 2000 басқа жуық малды көшiре алды. 2016 жылғы су тасқыны кезiнде қолданылған шаралардың арқасында аса қауiптi, соның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың пайда болуына жол берiлген жоқ.

Төтенше жағдайлардың зардаптарын азайтудың ең маңызды факторы — оның алдын алу. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығы жануарларын қорғау да назардан тыс қалмайды. Жеке қосалқы шаруашылықтар, ауыл шаруашылығы құрылымдары сияқты мал шаруашылығымен айналысатын көптеген салалардағы қауiптiң алдын алу қажет. Мұндай жағдайда жануарларды қорғау қызметi төтенше жағдайдың туындау қаупiн барынша азайтуға бағытталған бiрқатар iс-шаралар жүргiзедi: қолда бар мал басын есепке қояды, жоспарлы эпизоотияға қарсы iс-шаралар жүргiзедi, жануарларды профилактикалық және мәжбүрлi иммундауға, оларды емдеуге арналған биологиялық дәрi-дәрмектердiң қорын жасайды, сiбiр жарасы көмiндiлерi мен мал қорымдарының жай-күйiн тұрақты бақылауға алады. Сондай-ақ мал иелерiнiң белсендi түрде ат салысуынсыз төтенше жағдайлардың алдын алу, оны жою жөнiндегi iс-шараларды тиiмдi жүргiзу мүмкiн емес. Өткен жылы су тасқыны салдарын жою кезiндегi тәжiрибе көрсеткендей, мал иелерiнiң көбi орын алған жағдайға шұғыл түрде әрекет жасауға дайын болған жоқ. Бұған не себеп болды? Бiрiншiден, әрине, су тасқынының күтпеген жерден болуы. Биыл осы жағдайды ескере отырып, төтенше жағдайлардың алдын алу қызметтерi қар ерiген кезде су басуы мүмкiн 100-ге жуық елдi мекендi айқындады. Жануарларды қорғау қызметi қар жаппай ери бастағанға дейiн осы елдi мекендерде бiрiншi кезектегi эпизоотияға қарсы iс-шаралар жүргiзудi жоспарлап отыр. Мал иелерi тарапынан есепке қою, ветеринариялық қарап-тексеру және диагностикалық зерттеулер мен иммундау жүргiзу үшiн қолда бар барлық малды ветеринария мамандарына көрсету сияқты ықпалды көмек көрсетiлуi тиiс.

Су басу кезеңiнде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтаудағы маңызды мәселе — кемiрушiлермен күрес. Кемiрушiлер туляремия, оба, сүзек, лептоспироз сияқты қауiптi инфекция көзi болып саналады және олар су тасқыны кезiнде тұрақты мекендейтiн жерлерiн тастап, орын ауыстыруы арқылы ауру таратады. Мұндай жағдайда алдын алудың ең ықпалды әдiсi — уақтылы дератизация жүргiзу. Бұл әсiресе тышқан тектi кемiрушiлер көп болатын ауыл шаруашылығы құрылымдарына қатысты. Сондықтан егеуқұйрықтар мен тышқандарды қазiрден бастап, яғни қыста кемiрушiлер мал шаруашылығы үй-жайлары мен тұрғын үйлерде тұрақтап тұрған кезде жоюға кеңес беремiз. Бұл жұмысты өз бетiнше де, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте орналасқан ветеринариялық станциялар мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандандырылған ұйымдары арқылы да жүргiзуге болады.

Ағымдағы жағдайдың өзгеруiне орай уақтылы әрекет ету су тасқыны зардабының қаупiн төмендетудiң маңызды факторы болып табылады. Халықтың арнайы қызметтердi және керiсiнше арнайы қызметтердiң халықты уақтылы хабардар етуi төтенше жағдай орын алған аймақта адамдар мен жануарлардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жедел шара қабылдауға мүмкiндiк бередi. Барлық аудандық ветеринариялық станцияларда облыс әкiмiнiң тапсырмасына сәйкес Call-орталықтар құрылды, оған тәулiк бойы ветеринариялық қауiпсiздiкке қатысты мәселелер бойынша, соның iшiнде елдi мекендер мен мал шаруашылықтарын су басу қаупi төнген кезде жеке барып та, телефон арқылы да хабарласуға болады. Сонымен қатар барлық елдi мекендерде қызықтыратын барлық мәселелер бойынша, соның iшiнде су басуға қатысты да жүгiнуге болатын ветеринариялық пункттер бар.

Бұдан басқа барлық меншiк нысанындағы мал иелерiне төтенше жағдайларды жою кезiнде туындайтын проблемаларды шешуге көмектесетiн тағы бiрнеше кеңес беруге болады:

  1. Жеке үй-жайлар мен мал шаруашылығы фермаларының аумағына кiретiн жолдарды қардан, көлемдi үлкен заттардан және үйiлген қоқыстан ертерек тазарту керек. Бұл төтенше жағдай кезiнде жануарларды көшiру уақытын үнемдеуге септiгiнтигiзедi.
  2. Жем-шөп қорларын техника мен адам еркiн кiре алатын биiктеу жерге орналастыру қажет.
  3. Төтенше жағдайды жою кезiнде жануарларды қорғау қызметi бөлетiн күштер мен құралдарды дұрыс есептеу үшiн, ветеринария мамандарына қолда бар мал басы туралы дұрыс ақпарат беру керек.

Аталған кеңестер ескерiлсе, төтенше жағдай туындаған кезде жануарларды қорғау қызметiнiң жұмысы нәтижелi болып, мал аман қалады және облыстың эпизоотиялық жағдайы тұрақты болады.

«СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария
басқармасы» КММ мемлекеттiк
ветеринариялық-санитариялық
бақылау бөлiмiнiң басшысы С.А. Калякин

Дата публикации
17 августа 2020
Дата обновления
17 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы