Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
08.02.2018
Болашаққа бағдар. Әлемде әрбiр адам болашаққа сенiммен қарай алмайды, көбi өткенге қарайлап, бүгiнгi күнмен өмiр сүредi. Ал көбi бiр нәрсе өзгерiп кетуi мүмкiн деп, болашақты болжағысы келмейдi. Бiздiң санамыз — қоғамның санасы мiне, осындай. Яғни барлық бағыт бойынша жаңғыруды талап етедi.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы «Елiмiз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты» деп басталады. Жаңа тарихи кезең адам баласы үшiн жаңа сынақтар әкеледi. Елбасы ХХI ғасырдағы ұлттық сана, таяу жылдардағы мiндеттер туралы жазды. Әрине, өткен күн мен болашақтың арасындағы байланыс тұрақты әрi бұлжымас. Мақаланың негiзгi идеясы — Қазақстан халқын және олардың санасын өзгерту үшiн өзiмiздi мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуiрдiң жағымды жақтарын бойға сiңiруге дайындау.
Бұл ретте халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрi мен мәдени мұрасын сақтап қалу керек. Ол үшiн бәсекелiк қабiлет, прагматизм, ұлттық бiрегейлiктiң сақталуы, бiлiмнiң салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы қажет.
Осы мақала аясында өңiрiмiзде бiрқатар iс-шаралар жүргiзiлiп жатыр, олар жөнiнде бiрнеше рет бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ өз кезегiнде 2017 жылы Басқарманың ресми интернет-ресурсында тақырыптық тарау құрып, онда тиiстi баннерлер мен осы мақаланы орналастырды. Сондай-ақ әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмнiң басшысы А.Т. Джетекенов облыстық «Солтүстiк Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерiне жоғарыда көрсетiлген тақырып бойынша мақала жазды, сонымен қатар оны сайтта жариялады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру аясында Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қ.I. Ақсақаловтың тапсырмасын орындау үшiн 2017 жылғы 28 желтоқсанда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ жаңа жылдық мерекелер қарсаңында «Балаларға қуаныш сыйла» атты аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына көмек көрсету жөнiндегi қайырымдылық акциясына қатысты.
Ересек адамның санасын өзгерту оңайға соқпағанымен, өскелең ұрпақпен нәтижелi жұмыс iстеуге болады. Елбасы өз мақаласында жастарымыз басымдық беретiн межелердiң қатарында бiлiм әрдайым бiрiншi орында тұруы шарт деп бекер айтпаған. Бiлiм берудегi қазақ тiлiн латын әлiпбиiне көшiру, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық бiлiм. Қазақ тiлiндегi 100 жаңа оқулық» жобасы, патриотизмдi тәрбиелеу жөнiндегi «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиеттi рухани құндылықтары» сияқты реформалар жаңа ұрпақтың жаңаша ойлауына жағдай жасайды. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауының «Адами капитал — жаңғыру негiзi» атты жетiншi мiндетiнде пысықталады.
Қорытындылай келе, жаңа жаһандық жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңыздылығын атап өткiм келедi, бiз халықаралық аренада жиған-терген тәжiрибемiз бен беделiмiздi, ел iшiндегi бейбiтшiлiк пен келiсiмдi сақтап, болашақта арттыра түсуiмiз қажет.
«Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ
әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмiнiң бас маман-заңгерi А.С. Әшiмов