Меню

Страницы

Статья

Ветеринария саласындағы ақпараттық жүйелер

Ветеринария саласындағы ақпараттық жүйелер

Ветеринария саласындағы ақпараттық жүйе – бұл ветеринариялық қызмет саласындағы ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы.

Ветеринариялық салауаттылық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтитын ұлттық биологиялық қауіпсіздік пәрменді заманауи қадағалау және бірдейлендіру ақпараттық жүйелерінің көмегімен қамтамасыз етіледі.

Ветеринария жүйесінде «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» цифрлық өнімдері, «АШЖБ MOBILE» мобилдік қосымшасы, «Ветеринариялық қауіпсіздік», «Республикалық ветеринариялық зертхана», «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» модулі, «Процессингтік орталық», «Ветеринариялық-санитариялық сараптама» ақпараттық жүйелері әзірленді және жұмыс істейді.

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру»

Жүйе бірдейлендіру нөмірін бере отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алуға арналған. Ашық бөліктен және жабық бөліктен тұрады.

Ашық бөлік мыналарды қамтиды: жануарларды берілген жеке нөмір бойынша іздеу, ауылдық округтер, аудандар, облыс, республика бойынша есепке қойылған ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің статистикасы, нормативтік-құқықтық актілер, анықтамалық материалдар.

Жабық бөлікке тіркелген жануарлар тізілімі, жануарларды іздеу, мал қозғалысы бойынша есептер, ауруларды есепке алу, зерттеулер мен профилактикалық жұмыстар кіреді.

Жүйе республика ішінде және экспорт пен импорт кезінде жануарлардың орын ауыстыруына бірыңғай автоматтандырылған бақылау жүргізуге, сондай-ақ эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың мониторингі мен дұрыстығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«АШЖБ MOBILE» мобилді қосымшасы

Мобилді құрылғылар арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алуға мүмкіндік беретін мал дәрігерлеріне арналған қосымша.

Мынадай бөлімдерден тұрады: тіркелген жануарлар тізілімі, Республикалық ветеринариялық зертхана тізімдерінің тізілімі, жануарларды іздеу, жалға алынған жануарлар.

Өңірлердегі ветеринар мамандардың жүктемесі мен жұмыс көлемін азайтуға бағытталған «Онлайн» және «Офлайн» режимдерінде жұмыс істейтін қосымша.

«Tört Tülık» мобилді қосымшасы

Қосымша ауыл шаруашылығы жануарларының иелері үшін жануарлар тізімін бақылау, онлайн сатып алу-сату, есептен шығаруға арналған.

Мынадай бөлімдерден тұрады: жануарды тіркеу, сатып алу-сату, жеке тұтыну үшін сою, «Ветеринариялық паспорт беру», «Мәліметтерді түзету» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері.

Жануар иесіне (ЖШС, ШҚ, жеке қосалқы шаруашылық) өз мал басын түгендеуге және жануарларды онлайн сату мен сатып алуға, жеке пайдалану үшін есептен шығаруға, ветеринариялық паспорт беру және мәліметтерді түзету бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға және сауда алаңын үйден шықпай пайдалануға мүмкіндік береді.

«Е-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешендегі салаларды басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» (ББАЖ) ақпараттық жүйесінің «Ветеринариялық қауіпсіздік» модулі

Модуль мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру, жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге және Кеден одағына қатысушы елдер арқылы транзитпен әкелінетін, әкетілетін және тасымалданатын шекаралық өнімді ветеринариялық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға арналған.

Мынадай бөлімдерден тұрады: ветеринариялық-санитариялық қорытындылар, есептік нөмір беру, сараптама актісін, рұқсаттар, ветеринариялық анықтамалар, ветеринариялық сертификаттар беру.

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайдың бағасын ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді алуға, беруге және қадағалауға мүмкіндік береді.

«Республикалық ветеринариялық зертхана»

Жүйе ауыл шаруашылығы жануарларының материалдарын зертханалық зерттеу нәтижелерін тіркеуге және алуға, сондай-ақ жүргізілген зерттеулердің сапасы мен мерзімдеріне мониторинг жүргізуге арналған.

Мынадай бөлімдерден тұрады: мал дәрігерінің жеке кабинеті, зертханашының жеке кабинеті, тізімдер, сараптама актілері, сәйкессіздік актілері.

Жүргізілген сараптамалар бойынша ақпаратты тіркеу, құжаттаманы қалыптастыру және есептілікті ұсыну үшін пайдаланылатын уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

«Республикалық эпизоотияға қарсы отряд»

Жүйе ошақтарды тіркеуді, сондай-ақ жануарлар арасындағы қолайсыз эпидемиологиялық жағдай ошақтарында сауықтыру жүргізу процесін жүзеге асырады.

Мынадай бөлімдерден тұрады: ошақтарды тіркеу, сауықтыру.

Ошақтарды құру және Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдай туралы жедел ақпаратты тіркеу және қарау кезінде жедел ден қою мүмкіндігін береді.

«Процессингтік орталық» ақпараттық жүйесі

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарын дайындауға және эмиссиялық нөмірлерді алуға өтінім беруге арналған.

Мынадай бөлімдерден тұрады: мал дәрігерінің жеке кабинеті, өнім берушінің жеке кабинеті, Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың жеке кабинеті, жеке тапсырыс, мемлекеттік тапсырыс, барлық нөмірлердің мониторингі және статистикасы.

Эмиссиялық нөмірлердің бірыңғай базасы барлық берілген және пайдаланылған нөмірлерді бақылауға мүмкіндік береді.

«Ветеринариялық-санитариялық сараптама» ақпараттық жүйесі

Сою алдындағы тексеруге, союға, етке ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге, ішкі сауда объектілеріне өткізуге жөнелтуге арналған жүйе, 2-нысандағы ветеринариялық анықтаманы, сараптама актісін (сынақ хаттамасын), өнім туралы деректері бар QR-кодты автоматты түрде береді.

Мынадай бөлімдерден тұрады: мал сою объектісінің мал дәрігерінің жеке кабинеті, ветеринариялық-санитариялық сарапшының жеке кабинеті, ішкі сауда объектісінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының жеке кабинеті, аумақтық инспекция инспекторының жеке кабинеті, ұшалар тізілімі.

Етке ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізе отырып, жануардың сөреге дейінгі қозғалысы қадағаланады, өнім туралы деректері бар QR-код арқылы сатып алушының, ішкі сауда объектілерінің ақпаратты қарау мүмкіндігі ұсынылады.

Дата публикации
16 октября 2024
Дата обновления
16 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы