Абайлаңыз су тасқыны

Үй жануарлары иелерiнiң назарына
Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және өсiру кезiнде олардың иелерi ветеринария саласындағы бiрқатар талаптарды сақтауы тиiс.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабының 5 тармағына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауды және өсiрудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз ету жүктелген.
Анықтама үшiн: Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру — дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын жануарларды есепке алу рәсiмi.
Бұзаулар, қозылар, лақтар, торайлар туған күнiнен бастап жетi күн өткен соң, құлындар төрт айлық (таңбалау кезiнде) жастан, туғаннан бастап жетi күн өткеннен кейiн (чиптеу барысында) бiрдейлендiруге жатады.
Бұл ретте жас ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жоғарыда көрсетiлген жасқа жеткен күннен бастап он төрт жұмыс күнi iшiнде жүргiзiлуi тиiс.
Белгiсiз жануарларға ветеринариялық iс-шаралар (вакцинация, диагностикалық зерттеулер) жүргiзiлмейдi, бұл жануар иелерiне мал мен мал шаруашылығы өнiмдерiн өткiзуге ветеринариялық анықтама беруден бас тартылады, бұл жануарлар аса қауiптi ауруларды жұқтыру және таралу қаупi бар.
Бiрдейлендiру жүргiзiлмеген жағдайда жануарлардың иелерi ҚР ӘҚБтК-нiң 406 бабының 13-тармағына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады.
Жануарлар (жас және ересек жануарлар) қандай да бiр себептермен бiрдейлендiрiлмеген жағдайда, жануарлар иелерi сiздiң елдi мекендерiңiзге тағайындалған ветеринар мамандарға хабарласуды ұсынамыз.

«Жануарларға жауапты қарау туралы» Заңды қабылдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру — ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бiрдейлендiрудi жүргiзуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi.
Жеке нөмiрдi беру ауыл шаруашылығы жануарларының түрiне қарай келесi тәсiлдердiң бiрiмен жүргiзiледi:
1) сырғалау (тоғыз айлық жасқа дейiн сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсiпорындарында, шаруа және фермерлiк қожалықтарда күтiп-бағылатын, өнеркәсiптiк өсiруге және бордақылауға арналған iрi қара мал, ұсақ мал, түйелер, маралдар, шошқалар және торайлар үшiн). Сырғалау ауыл шаруашылығы жануарларының құлақтарының ортасына аспалы сырғаны, көк тамырын зақымдамай бекiту арқылы жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы жануарларының сырғалары өмiр бойы шешiлмейдi.
2) таңба басу (төрт айлық жасқа толғаннан бастап) немесе чип салу (туғаннан бастап жетi күн өткеннен кейiн) (жылқылар және тақ тұяқты жануарлар үшiн). Таңба басу ыстық немесе суық тәсiлдермен жүзеге асырылады. Жылқыларға және тақ тұяқты жануарларға таңба денесiнiң сол жағына жауырын (клеймо) және жамбас аумағына (реттiк нөмiр) немесе тек жамбас аумағына (клеймо және реттiк нөмiр) салынады.
3) татуировка (ауыл шаруашылығы кәсiпорындарында, шаруа және фермерлiк қожалықтарда күтiп-бағылатын және өнеркәсiптiк өсiруге, тоғыз айлық жасқа жеткенге дейiн кейiннен сою үшiн бордақылауға арналған торайлар үшiн).
Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрiне қосымша келесi тәсiлдермен жеке нөмiр беруге жол берiледi:
1) электрондық бiрдейлендiру тәсiлi (ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзу үшiн пайдаланылатын радиожиiлiктi белгiсi бар сырғалар, болюстер, чиптер және басқа бұйымдар (құралдар);
2) татуировка;
3) таңба басу.