Меню

Страницы

Статья

«Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

Жануарлардан алынатын шикізат пен өнімге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу сияқты қызмет түрі міндетті түрде лицензиялауға жатады, өйткені бұл жұмыстың сапасы азық-түлік қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына тікелей әсер етеді және заңнаманы мүлтіксіз сақтауды талап етеді.

          Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы «Электрондық үкімет» веб-порталында (www.egov.kz, www.elicense.kz) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру жөніндегі мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу мүмкіндігі ұсынылды.

          Қызмет ақылы негізде электрондық форматта көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген мөлшерде лицензиялық алымды төлейді және лицензия алғаннан кейін ішкі сауда объектілерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу құқығын алады.

          Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған және лицензия алуға өтініш берген кәсіпкерлер «ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында көрсетілген барлық біліктілік талаптарына сәйкес келуі қажет.

          Лицензияны немесе лицензияға қосымшаны беру кезінде мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.

          «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ветеринария басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

          Ветеринария саласында, оның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ветеринария басқармасының интернет-ресурсында, Мемлекеттік қызметтерді алу орындарындағы ақпараттық стенділерде орналастырылған. Бұл ақпарат өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес үнемі жаңартылып отырады.

          Ветеринария саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылығы бойынша жедел шаралар қабылдау мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының 8 (7152) 501681 телефоны бойынша, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаментінің 8(7152) 360162 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Дата публикации
30 сентября 2024
Дата обновления
30 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы