Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт 2021 ж.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықтама (талданатын кезең: 2020 жылдың 4-тоқсаны және 2021 жылдың 1-тоқсаны)

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының (ветеринариялық станциялардың) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары (2020 ж.)

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу нәтижелерi бойынша анықтама (Басқарма (2019 жылдың 4-тоқсаны мен 2020 жылдың 9 айы) мен ведомстволық бағынысты мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарының (2020 жылғы сәуiр-қыркүйек (қоса алғанда) аралығы) қызметiндегi талданатын кезең)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi семинар

2020 жылғы 27 қаңтарда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ ұжымында басқарма басшысы бекiткен 2020 жылға арналған оқу-тақырыптық жоспарға сәйкес семинар өткiзiлдi. Әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмнiң бас маман-заңгерi Б.З. Нұрмұқанов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл» тақырыбы бойынша баяндама оқыды.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ қызметкерлерінің құқықтық жаппай оқу өткізуі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы және бейінді заңнаманы зерделеуі жөніндегі 2020 жылға арналған оқу-тақырыптық жоспар

Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы iс-қимыл жөнiндегi жаднама

2019 жылдың 9 айы бойынша «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн iшкi талдау нәтижелерi жөнiндегi талдамалы анықтама

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

Сыбайлас жемқорлықты әлеуметтiк-құқықтық құбылыс деп айтпас бұрын, бұл ұғымға анықтама берiп алған жөн.

Бұл сөз латынның «corruptio, corrumpеre» деген сөзiнен шыққан, оның мағынасы пара алу, бұзылу, құртылу, шiрiп кету. Әдетте сыбайлас жемқорлық дегенiмiз адамгершiлiк қағидаттары мен заңға қайшы өз пайдасы үшiн мемлекеттiк шенеунiктердi, лауазымды адамдарды параға сатып алу және олардың сатылғыштығы.

Қандай да бiр мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыратын тұлға заңсыз артықшылықтарды алу мақсатында өзiнiң ресми мәртебесiн пайдалануы сыбайлас жемқорлық болып табылады.

Мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi адамның мүлiктi, көрсетiлетiн қызметтердi немесе жеңiлдiктердi заңсыз алуы, оған осындай артықшылықтарды беруi, сондай-ақ мүдделi адамдардың аталған iс-әрекеттерге арандатуы немесе делдалдығы да сыбайлас жемқорлық болып саналады.

Сыбайластық әр түрлi жағдайда: пара алуда, қызметкерлердi туыстық, жерлестiк, жеке берiлгендiгi, тамыр-таныстығы жағынан қолдауда, лауазымды адамдардың, олардың туған-туыстарының түрлi кәсiпкерлiк қызмет саласына бүркемелi түрде қатысуында, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiнен заңсыз кiрiс алуда туындайды.

Сыбайлас жемқорлық — барлық ел бастан кешiрiп отырған iндет. Қазiргi кезде жаһандық проблема болып табылатын сыбайлас жемқорлық әлемдегi барлық елде бар. Ол мемлекет iшiлiк проблемадан жаһандық проблемаға айналып отыр. Сыбайлас жемқорлықты толығымен еңсеру мүмкiн емес, ол түзелмейтiн құбылыстардың қатарына жататындығы мәлiм. Алайда бұл сыбайлас жемқорлықпен күресу бос әурешiлдiк дегендi бiлдiрмейдi, тұрақты даму мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстар деңгейiн мүмкiндiгiнше төмендету қажет.

Әлеуметтiк теңсiздiк, қоғамның моральдық-әдеп қағидаларын жаппай бұзу, халықтың мемлекеттiк билiк пен оның институттарына сенiмсiздiгi сияқты жағымсыз жағдайларды туындататын қауiптi құбылыс болғандықтан, сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасы мемлекет тарапынан ерекше әрi тұрақты түрде көңiл бөлiнуiн қажет етедi.

Сондықтан Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасына айтарлықтай көңiл бөлiнедi.

Бүгiнгi таңда сыбайлас жемқорлықпен күрестi ұйымдастырудың белгiлi бiр жүйесi қалыптасты, онда мыналар қамтылады:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтiк құқықтық база әзiрлеу және қабылдау;
  • барлық мемлекеттiк органдардың қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы iске асыру жөнiндегi жұмысын, олардың осы салада өзара iс-қимыл жасауын ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi арнайы бөлiмшелер құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету;
  • түрлi деңгейлерде сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiнде комиссиялар, үйлестiру кеңестерiн құру, кеңестер өткiзу.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлық барлық елде ежелден берi бар деуге болады. Ол бiздiң елдiң ғана дертi емес. Бұл проблеманы ғылыми зерттеу нәтижелерiн ескере отырып, кешендi ықпал ету, басқа елдердiң оң тәжiрибесiн зерделеу негiзiнде ғана шешуге болады. Проблеманы шешуге тек «құзырлы мемлекеттiк органдар» емес, барлық қоғам ат салысса ғана сыбайлас жемқорлықпен күресте айтарлықтай жетiстiктерге жетуге болады. Болашағымыз үшiн, ең алдымен, азаматтық қоғамның бастамашы әрi жауапты өкiлдерi, азаматтардың өздерi жауапты.

«Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ
әкiмшiлiк құқықтық бөлiмiнiң басшысы
А.Т. Джетекенов

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ қызметкерлерінің құқықтық жаппай оқу өткізуі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы және бейінді заңнаманы зерделеуі жөніндегі 2019 жылға арналған оқу-тақырыптық жоспар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы iс-қимыл жасауға бағытталған жұмысты ерекше атап өттi. Сыбайлас жемқорлықпен күресудiң негiзгi бағдарламалық бағыттарын айқындайтын мiндеттер қойылды, мемлекеттiк органдардың бақылау функциялары қысқаруда, олардың жұмысының бақылауға алынуы және ашықтығы қамтамасыз етiлiп, мемлекеттiң экономика мен бизнеске араласуы азайып жатыр.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес мемлекеттiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиiмдiлiгiн арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiсiне «мүлдем төзбеушiлiк» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкiл қоғамды тарту қажет.

Стратегияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың мынадай негiзгi бағыттары айқындалған:

  • мемлекеттiк қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл;
  • қоғамдық бақылау институтын енгiзу;
  • квазимемлекеттiк және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл;
  • сот және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттiң деңгейiн қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

«Коррупция» деген сөз латынның «corruptio, corrumpеre» деген сөзiнен шыққан, оның мағынасы пара алу, бұзылу, құртылу, шiрiп кету. Әдетте сыбайлас жемқорлық ұғымы адамгершiлiк қағидаттары мен заңға қайшы өз пайдасы үшiн шенеунiктердi, лауазымды адамдарды, сондай-ақ осы ресми мәртебемен байланысты беделдi, мүмкiндiктердi, таныстарды параға сатып алу және олардың сатылғыштығы дегендi бiлдiредi.

Қандай да бiр мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыратын тұлға заңсыз артықшылықтарды алу мақсатында өзiнiң ресми мәртебесiн пайдалануы сыбайлас жемқорлық болып табылады.

Мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi адамның мүлiктi, көрсетiлетiн қызметтердi немесе жеңiлдiктердi заңсыз алуы, оған осындай артықшылықтарды беруi, сондай-ақ мүдделi адамдардың аталған iс-әрекеттерге арандатуы немесе делдалдығы да сыбайлас жемқорлық болып саналады.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасына айтарлықтай көңiл бөлiнедi.

Бүгiнгi таңда сыбайлас жемқорлықпен күрестi ұйымдастырудың белгiлi бiр жүйесi қалыптасты, онда мыналар қамтылады:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтiк құқықтық база әзiрлеу және қабылдау;
  • барлық мемлекеттiк органдардың қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы iске асыру, олардың осы салада өзара iс-қимыл жасау жұмысын ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi арнайы бөлiмшелер құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету;
  • түрлi деңгейлерде сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiнде комиссиялар, үйлестiру кеңестерiн құру, кеңестер өткiзу.

Ветеринария басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша ауқымды жұмыс жүргiзiп жатқандығын атап өткен жөн:

  • құқықтық жаппай оқу, бiрлескен семинарлар өткiзiлiп, бұқаралық ақпарат құралдарында және ветеринария басқармасының ресми интернет-ресурсында мақалалар жарияланады;
  • жарты жылда бiр рет сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiнiң iшкi талдауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониоринг жүргiзiлiп, жарияланады;
  • басқарма мамандары мiнез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекiтiлдi;
  • сайтта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл» бөлiмi құрылды, онда осы тақырып бойынша баннерлер мен бейнероликтер орналастырылған.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлық проблемасын ғылыми зерттеу нәтижелерiн ескере отырып, кешендi ықпал ету, басқа елдердiң оң тәжiрибесiн зерделеу негiзiнде ғана шешуге болады. Проблеманы шешуге тек «құзырлы мемлекеттiк органдар» емес, барлық қоғам ат салысса ғана сыбайлас жемқорлықпен күресте айтарлықтай жетiстiктерге жетуге болады.

«СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ
әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмiнiң басшысы
А.Т. Джетекенов

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ қызметiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингi (2018 ж. 9 ай.)

2018 жылдың 9 айындағы «СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн iшкi талдау нәтижелерi жөнiндегi талдамалы анықтама

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ қызметiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингi

«СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн iшкi талдау нәтижелерi жөнiндегi талдамалы анықтама

Бiрыңғай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн (2018 ж. 02.03.)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 13 бұйрығы

«Сыбайлас жемқорлықа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы

«СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ-ның Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының кейбiр тармақтарын орындау жөнiндегi ақпараты

«СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ-ның Солтүстiк Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының кейбiр тармақтарын орындау жөнiндегi ақпараты 

«Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң ветеринария
басқармасы» КММ
басшысының бұйрығына
қосымша

«Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң ветеринария
басқармасы» КММ басшысы
______________ Е. Мадияровтың
2018 ж. «___» _____
№ _______ бұйрығымен
БЕКIТIЛДI

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ қызметкерлерiнiң құқықтық жаппай оқу өткiзуi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы және бейiндi заңнаманы зерделеуi жөнiндегi 2018 жылға арналған оқу-тақырыптық жоспар

Р/с № Бөлімдер мен тақырыптар атауы Оқу өткізу мерзімі Жауапты Оқу сағаты ның саны
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-Ү ҚРЗ Заңы
қаңтар А.С. Әшімов 1
2. «Кәсіптік одақтар туралы»
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-Ү ҚРЗ Заңы
ақпан Б.М. Жұмабекова 1
3. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы»
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-Ү ҚРЗ Заңы
наурыз Г.Н. Мәмбетова 1
4. «Ветеринария туралы»
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңы
сәуір А.М. Нұрмұқанов 1
5. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-Ү Заңы
мамыр С.А. Калякин 1
6. «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-Ү ҚРЗ Заңы
маусым Д.Ә. Нұрқан 1
7. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңы
шілде Г.Қ. Әбдірешева 1
8.   «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Заңы
тамыз Ұ.Ш. Уәлиева 1
9. «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 25 тамызда № 11940 болып тіркелді
қыркүйек Қ.С. Қазанов 1
10. «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығы
қазан А.Т. Джетекенов 1
11. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы»
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңы
қараша Г.С. Қиялова 1
12. «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі»
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-Ү ҚРЗ Кодексі
желтоқсан М.Б. Атымтаев 1

«2017 жылдың 1-жарты жылдығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрық № 54 2017 ж. 19.06.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі

I. Кіріспе бөлім

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қызметі.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізген: мынадай құрамдағы жұмыс тобы:

Калякин Сергей Александрович — мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау бөлімінің басшысы (байланыс телефоны: ж.т. 50-16-81, эл. адр. kalyakin@sko.kz);

Қазанов Қайырлы Сатыбалдыұлы — ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы (байланыс телефоны: ж.т. 34-02-48, эл. адр. k.kazanov@sko.gov.kz);

Мәмбетова Гүлім Нұрғалиқызы — қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы (байланыс телефоны: ж.т. 50-49-72, эл. адр. gulyum_mambetova78@mail.ru);

Әшімов Азамат Серғазыұлы — әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы-заңгері (байланыс телефоны: ж.т. 50-49-68, эл. адр. azekaashim@mail.ru).

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2017 жылғы 05.06 басталып, 2017 жылғы 16.06 аяқталды.

4. Бақыланатын кезең: басқарманың 2017 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қызметі.

II. Ақпараттық-талдамалы бөлім.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану тәжірибесі: Басқарма «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 222 қаулысымен бекітілген регламенттерге сәйкес үш мемлекеттік қызмет көрсетеді:

«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау»;

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»;

«Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру».

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында рәсімге көрсетілетін қызметті алушының өзі қатысуы көзделген «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды» қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсетілетін қызметті алушылармен байланыс жасалмайтын «ББАЖ» және «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйелері арқылы көрсетіледі.

«Ветеринария туралы» ҚР Заңының 1-бабы 45-1) тармақшасына сәйкес эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі — эпизоотологиялық ошақтардың туындау себептерін зерделеу және жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі болатын жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер беретін құжат. Бұл ретте қолданыстағы эпизоотиялық ошақтарда эпизоотологиялық тексеру ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісінің негізінде, ал жануарларды карантиндеу кезінде мал иелерінің өтініші бойынша жүргізіледі. Осыған байланысты, тізілімге «Жануарларды карантиндеу кезінде эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін қосқан жөн деп санаймыз.

Сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне «Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» функциясын қосуға болады деп санаймыз.

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі — Стандарт) 2-тармағы 4-тармақшасында «Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері» «көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап: ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне — 7 (жеті) күн» деп көрсетілген. Ал Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларында (бұдан әрі — Қағидалар) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері «жұмыс» күндерімен есептеледі.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер тұрғысында да айырмашылықтар бар, демек, Қағидалардың 14-тармағында «өтініш беруші-өндіріс объектісінің толық емес құжаттар топтамасын ұсынуы» есептік нөмір беруден бас тарту негіздерінің бірі болып табылады, ал стандартта мұндай негіз жоқ.

Қағидаларға сәйкес есептік нөмір беруден ауданның жергілікті атқарушы органының бөлімшесі бас тартса, стандарт бойынша бұл рәсімді көрсетілетін қызметті беруші болып табылатын облыстың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

Бұрын біз әзірлеушіге стандарттарға көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне қатысты тиісті өзгерістер енгізу туралы мәселені қарау жөнінде хаттар жолдадық. Көзделмеген құжаттарды сұрату фактілері болған жоқ. Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс жасау тәуекелі орын алған жоқ.

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында барлығы 48 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру бойынша 47 және ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру бойынша 1 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым тіркелген жоқ.

Басқарма өз қызметінде мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңы;

«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығы;

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығы;

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 222 қаулысы;

Басқарманың қызметін реттейтін басқа да заңға тәуелді актілер.

2. Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қызметі:

2016 жылғы 5 қаңтарда Басқарма басшысының бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу және сақтау жөніндегі оқу-тақырыптық жоспар бекітілді. Жоспар негізінде Басқарма мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделейді және талқылайды.

БАҚ-та жариялау жөнінде бекітілген медиа-жоспарға сәйкес үстіміздегі жылғы сәуір айында «Северный Казахстан» және «Солтүстік Қазақстан» газеттерінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» деген тақырыпта мақала жарияланды.

Басқарманың интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыптық бөлім құрылды, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпарат, бейнеролик орналастырылған.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттері орналастырылған.

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі — Жоспар) Басқарма ұжымында зерделеніп, талқыланды.

Басқарма басшысы Ербатыр Қайыргелдіұлы Мадияров Жоспардың орындалуын бақылау жөніндегі жауапты адам болып айқындалды.

Сенім телефонының нөмірі 8(7152) 42-57-14 болып белгіленіп, облыстық БАҚ-та («Северный Казахстан» және «Солтүстік Қазақстан» газеттерінде) жарияланды.

3. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

Бұқаралық ақпарат құралдарында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ қызметіне қатысты сын айтылған жарияланымдар басылған жоқ.

Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

2017 жылғы 6 айда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ-ға азаматтардан 23 өтініш келіп түсті, оның ішінде 22 өтініш жеке тұлғалардан (оның 4-еуі қайталанған телнұсқа), 1 өтініш заңды тұлғадан түсті.

Өтініштің түрлері бойынша олардың көбі жеке тұлғалардан түсті, азаматтарды жеке қабылдауда 14 сұрау салу, 2 шағым (1 — мал дәрігерінің әрекетсіздігі туралы, 1 — санитариялық нормалардың бұзылуы туралы), сондай-ақ 6 өтініш (оның 4-еуі қайталанған өтініш), (3  — атқораның заңсыз салынуы туралы, 3 — балық өнімінің заңсыз өндірілуі туралы).

Заңды тұлғадан 1 сұрау салу келіп түсті («Қазақ ұлттық аграрлық университеті» АҚ, ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша).

2017 жылғы 6 айда барлығы 22 өтініш қаралды, басқа органдарға 1 өтініш қайта жіберілді.

Азаматтардың өтініштері бойынша барлық есеп ай сайын (уақтылы) ҚР БП ҚС және АЕК СҚО бойынша басқармасына жолданды.

4. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауы.

Есепті кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеу фактілері, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі анықталған жоқ. Босатылған мамандар жоқ.

5. Сыбайлас жемқорлық деңгейін ұғыну және оның пайда болуына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі әлеуметтік сауалнама нәтижелері.

Үстіміздегі жылғы 5-16 маусым аралығында Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі жөнінде келушілермен анонимдік әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Әзірленген сауалнаманың мақсаты –сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша басқарманың қызметін бағалауға қатысты пікірін білу.

Сауалнама алынғандар арасында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша:

86,7%-ы Басқарманың жұмысын 5 деп бағалады (5 балдық шкала), 13,3%-ы 4 деп бағалады:

респонденттердің 100%-ы сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда қайда жүгіну қажеттігін біледі. Бұл ретте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментін (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) прокуратураны көрсетті;

әлеуметтік сауалнама қатысушыларының 100%-ы Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлыққа тап болмаған, тиісінше ешқайда жүгінбеген;

келушілердің 80%-ы басқарма қызметінің ақпараттық ашықтық деңгейін «жоғары», 20%-ы «орташа» деп бағалады;

респонденттердің 93,3%-ы Басқармада мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін «жоғары», 6,7%-ы «орташа» деп белгіледі.

6. «ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша басқармасы» ММ-нің Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша статистикалық деректері.

Құқықтық статистика органдарының деректеріне сәйкес есепті кезеңде Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар болған жоқ. 

Жұмыс тобының мүшелері:

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
бақылау бөлімінің басшысы С.А. Калякин

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру
бөлімінің басшысы Қ.С. Қазанов

Қаржыландыру және бухгалтерлік есеп
бөлімінің басшысы Г.Н. Мәмбетова

Әкімшілік-құқықтық бөлімнің
бас маманы-заңгері А.С. Әшімов

«СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері жөніндегі талдамалы анықтама

І. Кіріспе бөлім

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәні: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қызметі.

2. Ішкі талдауды мынадай құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

Калякин Сергей Александрович — мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау бөлімінің басшысы (байланыс телефоны: ж.т. 50-16-81, эл. адр. kalyakin@sko.kz);

Қазанов Қайырлы Сатыбалдыұлы — ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы (байланыс телефоны: ж.т. 34-02-48, эл. адр. k.kazanov@sko.gov.kz);

Мәмбетова Гүлім Нұрғалиқызы — қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы (байланыс телефоны: ж.т. 50-49-72, эл. адр. gulyum_mambetova78@mail.ru);

Әшімов Азамат Серғазыұлы — әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы-заңгері (байланыс телефоны: ж.т. 42-57-14, эл. адр. azekaashim@mail.ru).

3. Ішкі талдауды жүргізу кезеңі: 2017 жылғы 19.06 басталып, 2017 жылғы 30.06 аяқталды.

4. Бақыланатын кезең: басқарманың 2017 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметі.

ІІ. Персоналды басқару:

Есепті кезеңде жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі анықталған жоқ. Басқарманың бірінші басшысы ауыспағандықтан, «командалық ауыстыру» фактілері анықталған жоқ.

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында босатылған мамандар жоқ.

ІІІ. Мүдделер қақтығысын реттеу:

Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірге жұмыс істеу фактілері жоқ.

2017жылдың бірінші жарты жылдығында барлығы 67 мемлекеттік сатып алу өткізілді, соның ішінде конкурс тәсілімен — 3; өтпей қалғандар бойынша бір көзден алу тәсілімен — 2; үнемделген қаражат есебінен өтпей қалғандар бойынша бір көзден алу тәсілімен — 0; баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен — 8; тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен — 54.

Мемлекеттік сатып алу рәсімін жүзеге асыру кезінде үлестестік фактілері болған жоқ.

ІҮ. Мемлекеттік қызмет көрсету:

Басқарма «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 222 қаулысымен бекітілген регламенттерге сәйкес үш мемлекеттік қызмет көрсетеді:  

«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау»;

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»;

«Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру».

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілетін қызметті алушының рәсімге өзі қатысуы көзделген «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды» қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсетілетін қызметті алушылармен байланыс жасалмайтын «ББАЖ» және «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйелері арқылы көрсетіледі.

«Ветеринария туралы» ҚР Заңының 1-бабының 45-1) тармақшасына сәйкес эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісі — эпизоотологиялық ошақтардың туындау себептерін зерделеу және жануарлар ауруларының таралуына ықпал ететін немесе кедергі болатын жағдайларды анықтау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер беретін құжат. Бұл ретте қолданыстағы заңнамаға сәйкес эпизоотиялық ошақтарда эпизоотологиялық зерттеп-қарау ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісінің негізінде, ал жануарларды карантиндеу кезінде иелерінің өтініші бойынша жүргізіледі. Осыған байланысты, тізілімге «Жануарларды карантиндеу кезінде эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру» деген мемлекеттік көрсетілетін қызметті қосуды жөн санаймыз.

Сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне «жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу» функциясын қосуға болады деп санаймыз.

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі — Стандарт) 2-тармағы 4-тармақшасында «Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері» «көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап: ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне — 7 (жеті) күн» деп көрсетілген. Ал Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларында (бұдан әрі — Қағидалар) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері «жұмыс» күндерімен есептеледі.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер тұрғысында да айырмашылықтар бар, демек, Қағидалардың 14-тармағында «өтініш беруші-өндіріс объектісінің толық емес құжаттар топтамасын ұсынуы» есептік нөмір беруден бас тарту негіздерінің бірі болып табылады, ал стандартта мұндай негіз жоқ.

Қағидаларға сәйкес есептік нөмір беруден ауданның жергілікті атқарушы органының бөлімшесі бас тартса, стандарт бойынша бұл рәсімді көрсетілетін қызметті беруші болып табылатын облыстың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

Бұрын біз әзірлеушіге стандарттарға көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне қатысты тиісті өзгерістер енгізу туралы мәселені қарау жөнінде хаттар жолдадық.

Көзделмеген құжаттарды сұрату фактілері болған жоқ. Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс жасау тәуекелі орын алған жоқ.

Ү. Рұқсат беру функциялары:

Басқарманың рұқсат беру функцияларына мыналар кіреді: «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру», «Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөптер мен жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру», бұлар өз кезегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады.

Осы функцияларды іске асыру кезінде салалық нормативтік-құқықтық актілерде бекітілген нормалар сақталады, бас тарту негіздемелері, қабылданған шешімдерге шағым түсіру рәсімдері анық жазылған. Рұқсат беру құжаттарын беру кезінде дискрециялық өкілеттіктер мен әкімшілік кедергілер жоқ.

ҮІ. Бақылау функциялары:

Басқарманың бақылау функциялары:

  • жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды: ішкі сауда объектілерінде; жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда); ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда; экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде; экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша; тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында; экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
  • мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Бақылау функциялары Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес іске асырылады.

Актілерді тіркеу талап етілмейтін жануардан алынатын өнім мен шикізат сатылатын ішкі сауда объектілерінде, сондай-ақ аса қауіпті аурулар бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін бақылауды қоспағанда, бақылау субъектілерін тексеру құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті түрде тіркелетін тексеру тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.

Есепті кезеңде басқарма кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексеру жүргізген жоқ.

Басқарма өз қызметінде мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңы;

«Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығы;

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығы;

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 222 қаулысы;

Басқарманың қызметін реттейтін басқа да заңға тәуелді актілер. Басқарманың қызметіне қатысты құқықтық актілерде және нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдер жоқ.

ҮІІ. Қорытынды бөлім:

Жұмыс тобы жоғарыда жазылған барлық жағдайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесін зерделеп, «СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ қызметінде

Ұсынымдар:

Әкімшілік-құқықтық бөлімге:

  • басқарманың ресми интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы бөлімнің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу;
  • бекітілген оқу-тақырыптық жоспарға сәйкес басқарма мамандарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеуі бойынша жұмыс жүргізу.

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау бөліміне:

  • мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бойынша жұмысты күшейту;

Қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімі:

  • мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау бойынша жұмыс жүргізу;

Персоналды басқару қызметіне:

  • кадрлардың ауысу себептерін талдай отырып, мүдделер қақтығысын болдырмау бойынша жұмыс жүргізу.

Жұмыс тобының мүшелері:

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
бақылау бөлімінің басшысы С.А. Калякин

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру
бөлімінің басшысы Қ.С. Қазанов

Қаржыландыру және бухгалтерлік есеп
бөлімінің басшысы Г.Н. Мәмбетова

Әкімшілік-құқықтық бөлімнің
бас маманы-заңгері А.С. Әшімов

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ қызметiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингi (бақыланатын кезең: басқарманың 2016 жылдың екiншi жарты жылдығындағы қызметi)

«СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн iшкi талдау нәтижелерi жөнiндегi талдамалы анықтама (бақыланатын кезең: басқарманың 2016 жылдың екiншi жарты жылдығындағы қызметi)

«Солтүстiк Қазақстан облысы ветеринария басқармасы» ММ қызметiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингi (бақылау кезеңi: басқарманың 2015 жылғы және 2016 жылдың бiрiншi жарты жылдығындағы қызметi)


Сыбайлас жемқорлықты әлеуметтiк-құқықтық құбылыс деп айтпас бұрын, бұл ұғымға анықтама берiп алған жөн.

Бұл сөз латынның «corruptio, corrumpеre» деген сөзiнен шыққан, оның мағынасы пара алу, бұзылу, құртылу, шiрiп кету. Әдетте сыбайлас жемқорлық дегенiмiз адамгершiлiк қағидаттары мен заңға қайшы өз пайдасы үшiн мемлекеттiк шенеунiктердi, лауазымды адамдарды параға сатып алу және олардың сатылғыштығы.

Қандай да бiр мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыратын тұлға заңсыз артықшылықтарды алу мақсатында өзiнiң ресми мәртебесiн пайдалануы сыбайлас жемқорлық болып табылады.

Мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi адамның мүлiктi, көрсетiлетiн қызметтердi немесе жеңiлдiктердi заңсыз алуы, оған осындай артықшылықтарды беруi, сондай-ақ мүдделi адамдардың аталған iс-әрекеттерге арандатуы немесе делдалдығы да сыбайлас жемқорлық болып саналады.

Сыбайластық әр түрлi жағдайда: пара алуда, қызметкерлердi туыстық, жерлестiк, жеке берiлгендiгi, тамыр-таныстығы жағынан қолдауда, лауазымды адамдардың, олардың туған-туыстарының түрлi кәсiпкерлiк қызмет саласына бүркемелi түрде қатысуында, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiнен заңсыз кiрiс алуда туындайды.

Сыбайлас жемқорлық — барлық ел бастан кешiрiп отырған iндет. Қазiргi кезде жаһандық проблема болып табылатын сыбайлас жемқорлық әлемдегi барлық елде бар. Ол мемлекет iшiлiк проблемадан жаһандық проблемаға айналып отыр. Сыбайлас жемқорлықты толығымен еңсеру мүмкiн емес, ол түзелмейтiн құбылыстардың қатарына жататындығы мәлiм. Алайда бұл сыбайлас жемқорлықпен күресу бос әурешiлдiк дегендi бiлдiрмейдi, тұрақты даму мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстар деңгейiн мүмкiндiгiнше төмендету қажет.

Әлеуметтiк теңсiздiк, қоғамның моральдық-әдеп қағидаларын жаппай бұзу, халықтың мемлекеттiк билiк пен оның институттарына сенiмсiздiгi сияқты жағымсыз жағдайларды туындататын қауiптi құбылыс болғандықтан, сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасы мемлекет тарапынан ерекше әрi тұрақты түрде көңiл бөлiнуiн қажет етедi.

Сондықтан Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасына айтарлықтай көңiл бөлiнедi.

Бүгiнгi таңда сыбайлас жемқорлықпен күрестi ұйымдастырудың белгiлi бiр жүйесi қалыптасты, онда мыналар қамтылады:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтiк құқықтық база әзiрлеу және қабылдау;
  • барлық мемлекеттiк органдардың қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы iске асыру жөнiндегi жұмысын, олардың осы салада өзара iс-қимыл жасауын ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi арнайы бөлiмшелер құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету;
  • түрлi деңгейлерде сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiнде комиссиялар, үйлестiру кеңестерiн құру, кеңестер өткiзу.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлық барлық елде ежелден берi бар деуге болады. Ол бiздiң елдiң ғана дертi емес. Бұл проблеманы ғылыми зерттеу нәтижелерiн ескере отырып, кешендi ықпал ету, басқа елдердiң оң тәжiрибесiн зерделеу негiзiнде ғана шешуге болады. Проблеманы шешуге тек «құзырлы мемлекеттiк органдар» емес, барлық қоғам ат салысса ғана сыбайлас жемқорлықпен күресте айтарлықтай жетiстiктерге жетуге болады. Болашағымыз үшiн, ең алдымен, азаматтық қоғамның бастамашы әрi жауапты өкiлдерi, азаматтардың өздерi жауапты.

«СҚО ветеринария басқармасы» ММ
әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмiнiң басшысы
А.Т. Джетекенов

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы»

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

Солтүстiк Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

Сыбайлас жемқорлықпен күрес — ортақ парызымыз

Сыбайлас жемқорлықпен күрес — ортақ парызымыз. Сыбайлас жемқорлықты әлеуметтiк-құқықтық құбылыс деп айтпас бұрын, бұл ұғымға анықтама берiп алған жөн.

Бiзге келiп жеткен тарихи және құқықтық мұраларды зерделей келе, сыбайлас жемқорлық құбылысы ежелден бастау алғанын және барлық мемлекеттiң кез келген даму кезеңiнде орын алғанын көремiз. Бұл ретте қоғамдық, мемлекеттiк, экономикалық жағынан түбегейлi өзгерiстердi басынан өткерген Қазақстан да шет қалмайды.

Әр елде «сыбайлас жемқорлық» деген ұғым бар. Сыбайлас жемқорлық дегенiмiз не? Ол барлық тiлде де аса iрi көлемде пара алу деген мағынаны бiлдiредi. Бұл сөз латынның «corrumpеre» деген сөзiнен шыққан, оның мағынасы «бұзылу, құртылу, шiрiп кету». Демек, сыбайласқан қоғам — бұл бұзылып, нақтырақ айтқанда, шiрiп, бүлiнiп жатқан қоғам. Осылайша, сыбайлас жемқорлық дегенiмiз лауазымды адамның билiк өкiлеттiктерiн және оған сенiп тапсырылған құқықтарды өз пайдасы үшiн пайдаланып, заңнамаға және моральдық ұйытқыға қайшы келуi дегендi бiлдiретiн термин. Қазiргi кезде «барлығын шешетiн ақша» деп жиi айтылады. Тiптi «Бақыт ақшада емес» деген мәтелдi бұрмалап, оған «…., оның көлемiнде» дегендi қосып қойған. Мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi адамның мүлiктi, көрсетiлетiн қызметтердi немесе жеңiлдiктердi заңсыз алуы, оған осындай артықшылықтар беру, мүдделi адамның аталған әрекеттерге итермелеуi, делдалдық жасауы сыбайлас жемқорлық болып табылады. Осыдан келiп, оған мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп заң жүзiнде анықтама берiлдi.

Бүгiнгi бiздiң қоғамда шенеунiктер арасында сыбайлас жемқорлық пара алу, ысырап қылу, алаяқтық, бопсалау, қызмет бабын асыра пайдалану, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану сияқты түрлi жолмен өршiп жатыр. Бұл қоғам өмiрiне, әсiресе, құқықтық мәдениетiмiзге жағымсыз әсерiн тигiзiп, ұлттық қадiр-қасиетiмiзге көлеңке түсiрiп жатқан үлкен кесел. Билiкке қолы жеткен адамның тойымсыздығы артып, мүмкiндiктердi өз қара басы үшiн пайдаланып қалудан бас тартуы әсте қиынға соғады.

«Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есiңдi алып, еркiңнен айырады», «Қанағат — қарын тойдырар» деп халық бекер айтпаған.

Менiң ойымша, бұл нашақорлық, маскүнемдiк сияқты ауыр кеселдердiң бiрi.

Заң бойынша мемлекеттiк билiк аппаратының қызметкерлерi жеке тұлғалардан сыйақы алуға құқығы жоқ. Бұл ретте билiкте кiм тұруы керек? Шенеунiктердi бақылайтын, қоғамды басқаратын, халықпен бiрлесiп жұмыс iстейтiн адам қандай болуы керек? деген сұрақтар туындайды. Менiң пiкiрiмше, мұндай дәрежеге ЗАҢДЫ, АР-ҰЯТТЫ, ЖАУАПКЕРШIЛIКТI, АДАМГЕРШIЛIКТI ту етiп, тiптi кейде ӨЗ-ӨЗIН ҚҰРБАН ЕТЕТIН, «басқаларға көмектесу керек» деген қағиданы ұстанатын адам ғана лайықты. Билiкте тұрған, оның үстiне, заң шығаратын адам сол заңды өзi сақтауы тиiс, ал егер ондай адамды «сатып алуға» болатын болса, оған билiктен орын жоқ!

Адамдар оны үлкен мүмкiндiктер мен өкiлеттiктерге ие жауапты адам ретiнде сайлап, зор сенiм артқандықтан, нағыз басқарушы ең алдымен қиянатқа бармайтын, сатылмайтын, адал, әдiл әрi жауапты болуы керек деп санаймын.

Өкiнiшке орай, пайдакүнем шенеунiктер пара алады, соларға қарап, шенеунiктер ортасында парақорлық белең алып, барлық қызмет саласында етек жаюда. Сыбайлас жемқорлықпен күрестi «жоғары жақтан» баста керек деп санаймын. Жемқорлықпен күрестi үздiксiз жүргiзiп, бүкiл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.

Кадрларды iрiктеу — сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы маңызды аспект. Ақшаға сатылатын шенеунiктер мен министрлердi әшкерелеп, қызметiнен шеттету керек. Бұқаралық ақпарат құралдарынан 1 жыл iшiнде парақорлық саны азайғаны туралы жаңалық естiгенде, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүрiп жатқандығын көрiп, көңiлiң орнына түскендей болады.

Тағы бiр аспект — шенеунiктердiң табыстарының ашықтығы. Қоғамдағы әр адамды қолдауға мемлекеттiк билiк, қоғам мүшелерi бiрiгiп ат салысуы керек.

Билiкте тұрған адам үшiн мол байлыққа кенелiп, сән-салтанат құру — артықшылық, ал жақындарының аман-сау жүрiп, еш нәрседен кем болмауы — қалыпты жағдай. Мұндай адам үшiн жетiстiк, денсаулық пен бақыт бiрiншi орында тұрады, ал оңай олжа тауып, атаққұмар, пайдакүнемдiкке бой алдыру маңызды емес.

Заңды бұзу да, оны сақтау да, әр адамның өз басына байланысты.

Сөзiмдi қорыта келе, алаяқтардан, сатқындықтан, пайдакүнемдiктен сақ болуға, заңды ұстануға, қызмет бабын асыра пайдаланбауға шақырамын. Сыбайлас жемқорлққа немқұрайлы қарамаңыздар. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ ДЕЙМIЗ!

«Солтүстiк Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жүргiзiлетiн жұмыс туралы ақпарат

Солтүстiк Қазақстан облысының ветеринария басқармасы ветеринария жүйесiндегi сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жою бойынша мақсатқа сай жұмыс жүргiзiп, ақпараттық-насихаттау және бақылау-практикалық сипаттағы шаралар қабылдауда.

Басқарма басшысының 2016 жылғы 05 қаңтардағы бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу және сақтау жөнiндегi тақырыптық оқу жоспары бекiтiлдi. Басқарма мамандары жоспар негiзiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеп, талқылайды.

Дата публикации
17 мая 2021
Дата обновления
25 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы