Меню

Страницы

Статья

Ветеринариялық іс-шаралар – саулық кепілі

Эпизоотиялық салауаттылық – ветеринариялық іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау, сондай-ақ мал шаруашылығын дамытудың, мал шаруашылығы өнімі мен шикізатының сапасын айқындайтын биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды өлшемшарты. Эпизоотиялық салауаттылықты, сондай-ақ жануарлардың биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік ветеринариялық қызметтің негізгі міндеті. Мал дәрігерлері ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу үшін шаруа-фермер қожалықтарына және азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарына жиі барады.

Ветеринариялық іс-шаралар – жануарлардың жұқпалы ауруларының профилактикасын, диагностикасын және емделуін қамтитын эпизоотияға қарсы іс-шаралар, халықты жануарлар ауруларынан қорғау шаралары, ветеринариялық салауаттылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ жануарлардың өнімділігін арттыруға, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге, жануарлар мен адам денсаулығын жұқпалы аурулардан, оның ішінде жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған өзге де шаралар. Ветеринариялық іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілсе, эпизоотиялық жағдай айтарлықтай жақсарады.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар:

      1) жануарлар мен адамға ортақ аурулардың пайда болуының және азықтан улануының, жануарларды ұстаудың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөптің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық жағынан таза аумақта;

2) шектеу шараларын немесе карантинді қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралуының алдын алу және жою мақсатында індет ошағында, ауру таралған пунктте, бақылау аймағында, қорғаныш аймағында жүргізіледі.

Аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шаралар (алдын алу, диагностикалау, жою) жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне енгізілген, профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын аурулар бойынша жүргізіледі.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүргізеді.

Жеке және заңды тұлғалар (жануарлардың иелері) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында көзделген іс-шараларды міндетті түрде жүзеге асырады, яғни:

- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етеді;

- ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакциналауды және диагностикалауды қамтамасыз етеді;

- ветеринария саласындағы мамандарға ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру кезінде қызметтік міндеттерін орындауда көмек көрсетеді.

  Мал басы барлық ветеринариялық емдеу шараларымен толық қамтылған жағдайда ғана індеттен аман болады, соның нәтижесінде халық жануарлардан алынатын қауіпсіз өнімдерді тұтынады.

Дата публикации
22 февраля 2024
Дата обновления
22 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы