Үй жануарларын есепке алу қағидаларына және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесіне сәйкес 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап жануарлар иелері өздерінің үй жануарларын есепке қоюға міндетті.
Солтүстік Қазақстан облысында жануарларды есепке алу жөніндегі «ТАNBA» ақпараттық сервисі жұмыс істейді, онда бүгінгі күнге дейін 6950 үй жануары есепке қойылды. Бұл цифр күн сайын өсіп жатыр.
Бүгінгі таңда жануарларға чип салумен Петропавл қаласының ветеринариялық клиникалары айналысады. Аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциялары облыстағы халықтың әлеуметтік осал топтарының үй жануарларына чипті тегін салады.
Чип салу жануарларға жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді және арнайы чиптерді қолдана отырып, жануарларды таңбалаудың қауіпсіз және заманауи әдістерінің бірі болып табылады. Жануарға чип салу ауырсындырмай жасалатын процедура.
Заманауи бірдейлендіру әдістері:
Чип дербес 15 таңбалы сандық кодтан тұрады, ал жануар мен оның иесі туралы ақпаратты сақтау үшін чип салынған жануарлардың электрондық дерекқорлары пайдаланылады. Он бес сандық ұяшық жануардың өмір бойы қауіпсіз және сенімді түрде бірдейлендірілуіне, алдағы жүз жыл ішінде нөмірдің қайталанбауына кепілдік береді, ал биоүйлесімді шыны микрочиптің жылжып кетуіне жол бермейді. Демек әр жануар өмір бойы сақталатын бірегей сәйкестендіру кодын ала алады, оны толықтыру немесе өзгерту мүмкін емес. Оның өзгермейтіндігі – микрочип нөмірлерінің жалған болмауының кепілі. Чиптен ақпаратты оқу саны шектелмеген. Микрочип қуат көзін қажет етпейді және өздігінен сәуле таратпайды, тек сканермен белсендіріледі.
Құрметті үй жануарларының иелері, осы мәселеге жауаптылықпен қарап, үй жануарларына қамқорлық жасауды сұраймыз.
Сіз чип салу мәселесі бойынша өз ауданыңыздың ветеринариялық станциясына жүгіне аласыз.