Меню

Страницы

Статья

Эхинококкоздың алдын алу шаралары

Эхинококкоз – гельминттердің бір түрі эхинококктан туындайтын, эхинококк кисталары пайда болып, ішкі органдардың қызметін бұзатын, әсіресе бауыр мен өкпені зақымдайтын жануарлар мен адамдарға жұғатын созылмалы паразиттік ауру.

          Бұл инвазия ірі қара мал мен ұсақ малда және жануарлардың басқа да түрінде белгілерсіз өтеді.

Эхинококкоздың бастапқы иесі – иттер, қасқырлар, қорқау қасқырлар, гиеналар, түлкілер, кейбір басқа да жануарлар. Аралық иелері – қойлар, ешкілер, ірі қара мал, түйелер, шошқалар, жылқылар. Адам ауруды жүнінде гельминт жұмыртқалары көп ауру жануарлармен жанасқан кезде, сондай-ақ жидек пен шөп жинау кезінде жұқтырады.

Эхинококкоздың алдын алу үшін жеке гигиена ережелерін сақтау қажет: жануарлармен байланыста болғаннан кейін қолды сабынмен жуу, қайнамаған су ішпеу, көкөністерді, шөптерді, жидектерді ағынды сумен мұқият жуу, балалардың жануарлармен тығыз байланысын шектеу, иттерді (асыранды, қызметтік, мал бағатын, жегетін, күзет, аңшы және т.б. иттер) үнемі құрттардан тазарту, иттерді арнайы бөлінген жерлерде серуендету қажет.

Иттердің эхинококкоз жұқтыруының алдын алу үшін оларды ауыл шаруашылығы жануарлары сойылған орындарға, қалдықтар төгетін шұңқырларға, мал қорымдарына жібермеу, жануарларды арнайы орындарда ғана сою қажет. 

Дата публикации
22 июня 2023
Дата обновления
22 июня 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы