Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 17-19 мамыр аралығында ветеринария басқармасы басшысының м.а. 2022 жылғы 01 желтоқсандағы № 174 бұйрығымен бекітілген Бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес ішкі бақылау қызметінің бас маманы А.Ә. Әбішев «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК қызметінде мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне ішкі бақылау жүргізді. Тексеру барысында мемлекеттік қызметтер көрсететін жауапты адамдармен мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын сақтау мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Арқан, Благовещенка, Қазан, Кладбинка, Майбалық, Мирный, Пресноредуть, Первомай, және Преснов ауылдық округтері әкімдерімен, әкім аппаратының мамандарымен және тұрғындарымен кездесулер өтті. Ветеринариялық станцияға жиі жүгінетін жеке және заңды тұлғалар арасында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Мақжанов Мұхтар Амантайұлымен ағымдағы жұмыс мәселелері бойынша кездесу өткізілді. Әңгімелесу барысында ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларының сақталуы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар арасында заңды бұзушыларға қатысты заңды шаралар қабылдау талқыланды.

Дата публикации
01 июня 2023
Дата обновления
01 июня 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы