«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында Ветеринария басқармасы 2023 жылғы 12-30 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы А.Т. Джетекеновке 50-49-68 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.