Меню

Страницы

Статья

Үй жануарларын ұстау заңмен реттеледі

Қазақстанда 2022 жылғы 2 наурызда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң күшіне енді. Оның негізгі мақсаты – жалпыға ортақ этикалық құндылықтар аясында жануарларға деген қатынасты құқықтық реттеу.

Осы Заң жануарларды қорғау, оларға қарау кезінде азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтары мен өзге де заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қатынастарды реттейді.

Осы заң аясында азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеу идеологиясына басымдық берілген. Демек, бұл заң жануарларға ауырсынуды сезіне алатындай тіршілік иесі ретінде қарауға, жануарлардың тіршілігі мен саулығы, амандығы үшін иелерінің жауаптылығын арттыруға, оларды қатыгездіктен қорғауға, халықтың адамгершілік көзқарастарын тәрбиелеуге негіз болады.

Айта кетерлігі, заңда иттердің төбелесін ұйымдастыру , ветеринариялық операцияларды наркозсыз жасау, жануарларды жазасыз өлтіру, жануарларды деградациялау, дер кезінде көмек көрсетпеу сияқты жануарларға қатысты келеңсіз көріністерге тосқауыл қойылған.

Үй жануарларының иесі мен жауапты адам қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/3 шешімімен бекітілген тәртіппен Үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын сақтауы қажет.

Үй жануарларын Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау және денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарын бұза отырып, қоғамдық орындарда, ұстау орындарында, қоғамдық орындарда (баспалдақ алаңдарында, жертөлелерде, шатырлар, іргелес балкондар, лоджиялар және жалпы пайдалануға арналған қосалқы бөлмелер), іргелес аумақтарда (жеке тұрғын үй ғимараттарының іргелес аумақтарын қоспағанда), асүйлерде және жатақхана дәліздерінде ұстауға рұқсат етілмейді.

Үй жануарларын бірнеше отбасы тұратын тұрғын үйде ұстау медициналық қарсы көрсетілімдер ескеріле отырып, кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерінің келісімімен жүзеге асырылады.

Үй жануарының иесі және (немесе) жауапты адам үй жануарларының тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, оның ішінде кондоминиум объектілерін, қоғамдық орындарды ластауына және қоршаған ортаға зиян тигізуіне жол бермеуі керек.

Үй жануарларын ұстау жағдайлары олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың биологиялық, түр және жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. Үй жануарларының иелері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жануарлар ауруларының профилактикасын, диагностикасын, емдеуді қамтамасыз етуге міндетті.

Үй жануарларын қараусыз қалдыруға болмайды, қарау мүмкін болмаған жағдайда үй жануарының иесі немесе жауапты адам оны үшінші тұлғаларға уақытша ұстауға беруге немесе жануарды уақытша ұстауға үй жануарларына арналған панажайға немесе зоологиялық жатынжайға орналастыруға тиіс.

Үй жануарын одан әрі ұстау мүмкін болмаған жағдайда, иесі және (немесе) жауапты адам үй жануарын одан әрі орналастыру шараларын қолданады.

Иттерді өздігінен серуендей алмайтын және адамдар мен жануарларға шабуыл жасай алмайтын жағдайда ұстау керек. Мұндай жағдай болмаса, итті торда немесе байлаулы ұстау керек.

Үй жануарларын ұстау қағидаларын бұзғаны үшін жануардың иесі және (немесе) жауапты адам «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапты болады.

Құрметті үй жануарларының иелері, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын сақтай отырып, сіз өзіңізді, аайналадағы адамдарды және үй жануарыңызды қорғай аласыз.

Дата публикации
07 февраля 2023
Дата обновления
07 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы