Ветеринариялық қызмет 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Ветеринария басқармасы «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру» 1 мемлекеттік қызметін көрсетеді. Бұл қызмет толығымен автоматтандырылған, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі. Есепті кезеңде 1 қызмет көрсетілді.
Аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциялары 26 658 мемлекеттік қызмет көрсетті:
- «Ветеринариялық анықтама беру» бойынша - 26 036 мемлекеттік қызмет;
- «Ветеринариялық паспорт беру» бойынша – 402 мемлекеттік қызмет.
- «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» бойынша - 220 мемлекеттік қызмет көрсетілді.