2022 жылдың қорытындылары
Мал қорымдары мен инсинераторлар
Облыста 352 мал қорымы бар.
Мал қорымдарынан басқа оларға балама болып табылатын биологиялық қалдықтарды жоюға арналған 35 инсинератор, оның ішінде 22 стационарлық және 13 жылжымалы инсинератор бар.
2022 жылы 24 мал қорымы салынды (Айыртау – 2, Аққайың – 4, Есіл – 1, Жамбыл – 2, М. Жұмабаев – 1, Қызылжар – 1, Мамлют – 2, Ғ. Мүсірепов – 3, Тайынша – 2, Тимирязев – 1, Уәлиханов – 4, Шал ақын – 1). Мал қорымына балама ретінде Ақжар ауданының әкімдігі АМТД – 500Д маркалы 2 инсинератор, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі 2 инсинератор сатып алды.
11 мал қорымы реконструкцияланды (Аққайың – 1, Есіл – 3, М. Жұмабаев - 2, Қызылжар – 1, Тайынша – 1, Тимирязев – 1, Шал ақын – 2).
2022 жылы бруцеллез мал құнының өтелуі
2022 жылы ветеринария басқармасына бруцеллезге оң әсер берген жануарлардың иелеріне өтемақы төлеуге 140 құжат топтамасы келіп түсті, олардың 1-еуі заңды тұлғадан түсті.
301 бас ірі қара мал мен 1 бас жылқы үшін 37 млн. теңге сомасында өтемақы төленді, оның ішінде Айыртау ауданында 62 бас ірі қара мал үшін 8 151 540 теңге, Ақжар ауданында 64 бас ірі қара мал үшін 8 453 712 теңге, Аққайың ауданында 28 бас ірі қара мал үшін 3 408 303 теңге, М. Жұмабаев ауданында 4 бас ірі қара мал үшін 378 309 теңге, Қызылжар ауданында 131 бас ірі қара мал үшін 15 041 019 тенге және 1 жылқы үшін 256308 теңге, Тимирязев ауданында 1 бас ірі қара мал үшін 109 020 теңге, Уәлиханов ауданында 9 бас ірі қара мал үшін 930 588 теңге, Шал ақын ауданында 2 бас қара мал үшін 220 320 теңге төленді.