«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасына
баспасөз релизі
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес әзірленді, ол бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін сәйкестікке келтіру қажет.
Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 98– VII ҚРЗ Заңына сәйкес «Ветеринария туралы» ҚР Заңының 10-бабына өзгерістер енгізілді, онда «иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою» деген сөздер «үй жануарларын ұстау және серуендету, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылды.
Жобаны іске асырумен байланысты әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар, сондай-ақ қаржылық шығындар болжанбайды.
Жоба жария талқылау үшін ашық НҚА порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14050251 орналастырылды.
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің ветеринария басқармасының
басшысы Б. Әлжанов