«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын іске асыру туралы

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын іске асыру туралы

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 21/3 шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары, № 21/4 шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары бекітілді.

2022 жылы 30 бас қаңғыбас жануар чиптелді және стерилизацияланды (кастрацияланды). 2023 жылға 600 бас қаңғыбас ит пен мысықты ұстауға, чиптеуге, вакциналауға және стерилизациялауға 42 млн. 576 мың теңге қаржы бөлінді.

Облыста жануарларды есепке алу жөніндегі «TANBA» ақпараттық сервисі жұмыс істейді. Бұл жүйеде жануарларға қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын 10 ұйым тіркелген (6 ветеринариялық клиника, 2 аулау қызметі, 1 зооқорғау ұйымы, 1 панажай). Үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес 301 үй жануары есепке қойылды (иелері бар 271 жануар, 30 қаңғыбас жануар). Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспектордың  1 куәлігі берілді. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктері жануарларды уақытша ұстау пункттерін салу үшін жер учаскелерін бөлу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта Қызылжар ауданының Бескөл ауылында ауданы 0,19 га жер учаскесі бөлініп, «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы жануарларды уақытша ұстау пунктінің құрылысы» эскиз жобасы әзірленді. Тайынша ауданының Тайынша қаласында жануарларды уақытша ұстау пунктін салу үшін жер учаскесі анықталды, Аққайың ауданының Смирнов ауылында және Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласында жануарларға арналған панажайлар салу үшін жер учаскелері анықталды. Қалған аудандарда жануарларды ұстау пункттерін салуға жер учаскелерін бөлу мәселесі жер комиссияларының отырыстарында қаралатын болады.

Ангар үлгісіндегі қаңғыбас жануарларға арналған уақытша ұстау пункттерін салу мәселесі зерделеніп, пысықталып жатыр.

Қазіргі уақытта облыста 3 жекеше панажай бар және жұмыс істейді, оның ішінде Петропавл қаласында – 2 («Белый Бим», сыйымдылығы 400 ит, «Исаков Андрей» ЖҚҚ, сыйымдылығы 300 мысық, 500 ит), Қызылжар ауданы Вишневка ауылында – 1 («Шанс на жизнь», сыйымдылығы 500 ит). Сонымен қатар, Петропавл қаласында 2 зооқорғау ұйымы бар («Верный друг» қоғамдық қайырымдылық қоры, «Фауна» жастар қоғамдық бірлестігі). Ынтымақтастық туралы 4 меморандум жасалды. Телеграмм чат құрылды.     

Облыстың білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелерін 465 психологиялық қызмет жүзеге асырады, оның ішінде 444 педагог-психолог және 407 әлеуметтік педагог бар.

          Білім беру ұйымдарында оқушылардың жануарларға деген ізгілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында 50-ден астам іс-шара (пікірталастар, дәрістер, әңгімелер, сынып сағаттары, сурет конкурстары және т.б.) өткізілді.

Сондай-ақ «Дүниетану» (1-4-сыныптар), «Жаратылыстану» (1-6-сыныптар), «Көркем еңбек» (1-7-сыныптар) пәндері сабақтарында; орта және жоғары буындарда «География» (7-11 сыныптар); «Биология» (6-11 сыныптар), «Адам. Қоғам. Құқық» (9-сынып – 7 сағат, 10-11-сынып-7-10 сағат) пәндері аясында оқушылар экологиялық білімді қалыптастыру бойынша жеткілікті деңгейде білім алады, жануарларға мейіріммен және жанашырлықпен қарауды тәрбиелеудің кепілі ретінде қызығушылық, жағымды эмоциялар білдіреді.

Облыста жануарларды қорғау мәселелері бойынша зоологиялық қорғау ұйымдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды, оның ішінде БАҚ пен әлеуметтік желілерде кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

          Ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде жануарларға жауапкершілікпен қарау, иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидалары туралы 50-ге жуық ақпараттық материал орналастырылды. Басқарманың ресми интернет-ресурсында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» қосымша беті құрылды. QYZYLJAR телеарнасында үй жануарларын есепке алу жөнінде сюжет дайындалды (https://qyzyljartv.kz/ru/news/39269). «Үй жануарларына ізгілікпен қарау туралы» тақырыпта қоғамдық орындарда баннерлер орналастыру бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

          Сонымен қатар үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы әлеуметтік бейнеролик дайындалды, «МТРА», «QYZYLJAR», «Первый Северный» телеарналарында көрсетілімі ұйымдастырылды, сондай-ақ әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Зооқорғау-амбассадорлар («Добрая планета» қайырымдылық қоры) өкілдерімен жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін ынтымақтастық туралы жұмыс бабындағы кездесу өткізілді.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2022 жылға арналған деректері бойынша ит тістегеннен 891 адам зардап шеккен (иесі бар иттер – 556 жағдай, қанғыбас иттер – 335 жағдай), оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар бойынша 352 жағдай (иесі бар иттер – 241 жағдай, қанғыбас иттер – 111 жағдай), құтыруға қарсы емдік-профилактикалық вакцина егуге 886 адам жүгінді (алды) (иттің сілекейі жұғып жүгінген 5 адамға екпе қойылған жоқ).

Полиция органдарының 2022 жылға арналған деректері бойынша облыста иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидаларын бұзғаны үшін 780 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оның ішінде 558 ескерту, 222 әкімшілік айыппұл салынды.

Бүгінгі күні облыс аумағында азаматтардың ит тістегеннен қаза болу жағдайлары тіркелген жоқ.

Петропавл қаласының аумағында үй жануарларын стерилизациялау, вакциналау және чиптеу бойынша қызметтер көрсететін 7 ветеринариялық клиника жұмыс істейді:

- «Надежда» ветеринариялық клиникасы, Жабаев көшесі 156, телефоны 39-70-65;

- «Айболит» ветеринариялық клиникасы, Интернациональная көшесі 21, телефоны 36-35-89;

- «Центр ветеринарной диагностики и терапии «Верный друг» ЖШС, Васильев көшесі 123, телефоны 87776076843;

- «Городская ветеринарная клиника» ЖШС, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі 130, телефоны 46-78-78;

- «Ветеринарный центр» ЖШС, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі 121, телефоны 37-37-91;

- «ВетЛекарь» ветеринариялық клиникасы, Тепловское лесничество көшесі 33, телефоны 87713888111;

- «Центр ветеринарной хирургии Пегас» ЖК, Батыр Баян көшесі 56А, телефоны 87478488482.

Заңды іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.

 

 

 

Дата публикации
24 января 2023